
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіз еліміздің ең қастерлі құндылықтары, халқымыздың бірлігі мен тұтастығын, елдік мұраты мен асқақ рухын айшықтайтын қасиетті нышандар.
Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әрбір азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімінің жарқын көрінісі. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, өскелең ұрпақтың бойына елжандылық қасиеттерді сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілеймін. Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыздың мерейі үстем болсын!
Ізгі тілекпен,
Талғар ауданының әкімі
Айдарбеков Танат Есенкелдіұлы!
Уважаемые жители района!
Сердечно поздравляю вас с 4 июня – Днем государственных символов Республики Казахстан!
Государственный Флаг, Герб и Гимн являются священными символами нашей Независимости, олицетворяющими единство народа, суверенитет страны и высокие устремления государства.
Уважение к государственным символам – это проявление патриотизма, любви к Родине и ответственности за будущее нашей страны. Сохранение и популяризация национальных ценностей, воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма являются нашей общей задачей.
В этот знаменательный день желаю всем крепкого здоровья, благополучия, мира и согласия. Пусть Государственный Флаг Республики Казахстан всегда гордо развивается над нашей страной, а успехи и достижения Казахстана приумножаются с каждым годом!
С наилучшими пожеланиями,
Аким Талгарского района
Айдарбеков Танат Есенкельдиевич!


