Конституция – елдің берік тірегі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының, қоғамдық келісім мен заң үстемдігінің негізгі кепілі.

Ата Заңда белгіленген қағидаттарды қолдау – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Конституцияны құрметтеу, оның талаптарын сақтау және заңға бағыну – құқықтық мемлекет құрудың маңызды шарты.

Біз Конституцияның құндылықтарын қолдай отырып, еліміздің бірлігіне, тұрақтылығына және өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз. Ата Заңымыздың қағидаттары әрдайым қоғам игілігіне қызмет етіп, Қазақстанның дамуына берік негіз бола берсін.