Жолдау міндеттері – нақты нәтижеге бастайтын бағыт

Жолдау міндеттері – нақты нәтижеге бастайтын бағыт

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты міндеттер белгіленген.

Бұл міндеттер бүгінгі таңда нақты жобалар арқылы жүзеге асырылып келеді. Мәселен, Президент тапсырмаларын орындау аясында өңірлерде жаңа білім беру нысандары ашылып, көлік инфрақұрылымы жаңғыртылуда. 2026 жылы жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздің өңірлерінде жаңа мектептер мен білім беру нысандарын іске қосу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Жолдауда айтылған көлік-логистика саласын дамыту міндеттері бойынша халықаралық дәліздерді кеңейту, транзиттік әлеуетті арттыру және цифрлық логистикалық сервистерді дамыту жұмыстары жалғасуда. Бүгінде көлік саласы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 6,1%-ын қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығында да жаңа технологияларды енгізу, жер ресурстарын тиімді пайдалану және аграрлық ғылымды дамыту бағытындағы тапсырмалар орындалуда. Үкімет мәліметінше, 13,5 млн гектар қайта бөлінген ауыл шаруашылығы жерін айналымға енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жолдаудың басты мәні – стратегиялық мақсаттарды белгілеумен қатар, оларды нақты нәтижеге айналдыру. Бүгінгі атқарылып жатқан жұмыстар – ел дамуының ұзақ мерзімді бағытының нақты көрінісі.

Жолдау – бағыт. Нақты іс – сол бағытты нәтижеге жеткізетін күш.