
Бүгін Талғар ауданында мәслихат депутаттарын сайлау барысында колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері волонтер ретінде белсенділік танытуда.
Жастар сайлау учаскелерінде тұрғындарға тізімнен өздерін табуға, дауыс беру тәртібін түсінуге және учаскеде бағдар алуға көмектеседі. Сондай-ақ қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды дауыс беру кабиналарына дейін сүйемелдейді.
Волонтерлердің көмегі сайлау учаскелеріндегі ұйымдастыру жұмыстарын жеңілдетіп, әрбір азаматқа қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Жастардың бұл игі бастамасы – азаматтық жауапкершілік пен қоғамға деген жанашырлықтың жарқын үлгісі.

