Талғар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде шекара қызметі және ұлттық ұлан әскери бөлімдеріне күзгі шақырылым басталды.
Биыл да дәстүрге сай, еліміз бойынша күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Бұл — жай ғана науқан емес, бұл — ел болашағын айқындайтын маңызды кезең. Талғар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі де өз борышын адал атқарып, Отан алдындағы міндетін өтеуге дайын жастарды сапқа шақырады.
Әскер — өмір мектебі
Кейбір жастар әскерді бір жыл жоғалған уақыт деп ойлайды. Бұл — үлкен қателік. Әскер — бұл тәртіп. Әскер — бұл шыдамдылық. Әскер — бұл нағыз ер азаматты қалыптастыратын мектеп.
Талғар қаласы. Наурызбай батыр көшесі 22А
Байланыс телефоны: 87277423605

