Алматы облысында дәрілік препараттарды сату мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары басталды

Алматы облысында дәрілік препараттарды сату мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары басталды

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Дәрілік препараттарды сату мәселесі» бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Онда Талдықорған қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Өмірзақ Әбілсейітұлы дәрі-дәрмек саудасына байланысты салалық министрліктің түсіндірме жұмыстарын баяндады.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасарының айтуынша, биыл елімізде Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты фармация мен қоғамдық денсаулық сақтау комитеттері біріктіріліп, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті болып құрылуда.

«Дәрі-дәрмектердің рецепт бойынша сатылуы қоғамда маңызды мәселе болып тұр. Дәрмектерді тиімсіз қолданудан адамның денсаулығына зиян келтіретін фактілер кездесуде.

Сала мамандары дәрілік заттарды қабылдауда оны сату бойынша дәрігерлер мен жеке кәсіпкерлерге қолданыстағы талаптардың қағидаларын сақтау қажеттігін атап өтті.

Мамандардың айтуынша, елімізде дәрілік заттардың 7 792 атауы тіркелген, оның 6 033-і дәрігердің рецепті бойынша, 1759-ы рецептсіз сатылады.

2013 жылғы қаңтардан бастап республиканың барлық өңірлерінде дәрігерлердің жазып берген рецептін нақты уақыт режимінде қадағалауға, тағайындалған препараттарды әрбір пациенттің нақты алуын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККБК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМСЖ) сәйкес пациенттердің дәрілік препараттармен қамтамасыз етілу мониторингін жүргізуге мүмкіндік беретін Автоматтандырылған ақпараттық дәрілік қамтамасыз ету жүйесі енгізілгенін еске сала кетеміз.

Талғар-ақпарат