Жаз мезгілінде дұрыс тамақтану

Жаз мезгілінде дұрыс тамақтану

Жаз мезгілі жеміс-жидектердің, көкөністер мен бақша өнімдердің молшылығымен ерекшеленетін маусым. Бұл ретте ерте піскен көкөністер мен бақаш өнімдерін пайдалануда сақтық шараларын ескерген жөн. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы Қоғамдық Денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Марат Әділжанұлы мәлімдеді.

Өнімді жақсы және тез арада жинау үшін  көп көлемде тыңайтқыштар қосылады,  оның бірі азот қышқылының тұзы — нитраттар. Тыңайтқыштың аз мөлшері біздің организмге өз зиянын тигізбегенімен,  бірақ олардың шектен тыс мөлшері топыраққа түскенде, өсімдіктегі  нитраттар саны  бірден өсіп кетеді. Адам ағзасына түскен нитраттар тотығу процесстерінің нәтижесінде нитриттерге, яғни уға айналады. Бұл біздің  денсаулығымызға  қауіпті проблема болып табылады. Нитриттер  қан эритроциттеріне (метгемоглабин құра отырып) негативті әсер етеді, сондықтан оттегін тіндерге тасымалдау қабілетін қиындатады. Ал ол адам ағзасының оттегімен «тыныс алуын» нашарлатады. Облыс аумағындағы сауда, қоғамдық тамақтану объектілеріне жүргізілген тексеру барсында 2018 жылы нитрат құрамы зерттелеген өнімдердің 2,9% нитраттардың жоғары мөлшері анықталды. Атап айтқанда:

— 24 пияз сынамаларында нитраттардың  нормаланған мөлшері 80 мг/кг болса, ол 97-110 мг/кг аралығында анықталды;

-14 қарбыз сынамаларында норма 60 мг/кг, 120-162 мг/кг аралығында анықталды;

-14 қызанақ сынамаларында норма 150 мг/кг, 160-230 мг/кг аралығында анықталды;

-3 картоп сынамаларында норма 250мг/кг, 275 мг/кг анықталды;

— 1 асқабақта норма- 120 мг/кг, 135 мг/кг анықталды; 2 қауында норма 90 мг/кг, 98 мг/кг анықталды. Жоғары деңгейде нитраттардың мөлшері анықталған өсімдік өнімдерінің сатылуына, қолданылуына шектеу шаралары қолданылды.

Эпидемологиялық тексеру нәтижелері бойынша аурушаңдыққа әкелген басты себеп- дайын тағамдардың сақталу шарттарының бұзылуы. Осыған байланысты, жаз мезгілінің аптап ыстығын ескере отырып, тағамнан ұшынбаудың алдын алу бойынша  қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстанған абзал.

Талғар-ақпарат