Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен жүргізілген камералдық бақылау нәтижесі

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен жүргізілген камералдық бақылау нәтижесі

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекетік аудит департаменті Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алудың барлық кезеңдерінде камералдық бақылау жүргізеді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күні бұл институт оң нәтижесін көрсетті, нақты айтқанда:
— бұзушылықтардың уақтылы алдын алу және жол берілмеу;
— объектілердің өздеріне бұзушылықтарды қалпына келтіруге құқық беріледі;
— объектілерге әкімшілік жүктеме азайтылды.
Сонымен қатар, камералық бақылаудың барлық бизнес үдерістерін автоматтандырылуына байланысты мемлекеттік сатып алуды қамтудың процедуралары көбейтілді.
Департаментпен 2019 жылдың I —  тоқсанында  42 мынан астам сатып алу қаралып, нәтижесі бойынша объектілерге 43,8 млрд. теңгеге 3227 хабарлама жіберілді.
Осылайша, Департаментпен 43,8 млрд. теңгеге, бұзушылықтардың алды алынып, 265-тен астам лауазымды тұлғалар  әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.

Талғар-ақпарат