Іле ауданының құрылыс бөліміне тексеру жұмысы жүргізіліп, нәтижесі анықталды

Іле ауданының құрылыс бөліміне тексеру жұмысы жүргізіліп, нәтижесі анықталды

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Іле ауданының құрылыс бөлімі» ММ-де сәйкестікті тексеру жүргізіліп, нәтижесі бойынша келесі бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс алаңын көрнекі тексеру кезінде, тек шұңқыр қазылып, ал жұмысты аяқтау актісі бойынша сатып алынған материалдар құрылыс алаңында жоқ екендігі анықталған.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 97 бабының 6 тармағының және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету» ережесінің 238,243 тармақтарының талаптарын бұза отырып, аудит объектісі  «Байқоңыр» ЖШС-не құрылыс объектісі бойынша атқарылмаған жұмыстары үшін 49 413 970 теңге сомасында төлем жасаған.
Осы негізде Қазақстан Републикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, «Іле ауданының құрылыс бөлім» ММ-не, «Байқоңыр» ЖШС-не (мердігер) және «Музтау» ЖШС – не (техбақылау) қатысты процессуалдық шешім қабылдау үшін аудит құжаттарын ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментіне жолданды.

Талғар-ақпарат