Үздіктер қатары ЕКІ БІРДЕЙ НОМИНАЦИЯМЕН ТОЛЫҚТЫ

Үздіктер қатары ЕКІ БІРДЕЙ НОМИНАЦИЯМЕН ТОЛЫҚТЫ

Халықтың рухани жан азығын қилы заманнан қазіргі кезеңге жеткізуде жан аямай жұмыс істеп келе жатқан Мəдениет үйлерінің озығы біздің ауданда екенін естігенде балаша қуанып қалдық. 21 мамыр – Мəдениет жəне өнер қызметкерлерінің күніне орай облыс орталығында өткен салтанатты жиында
«Үздік Мəдениет үйі» номинациясын жеңіп алған талғарлықтардың жеңісіне«бəрекелді» дестік.

Ұлттық мəдениеттің өзегін іздеген жан өлкесіндегі Мəдениет үйіне бас сұғатыны белгілі. Негізгі міндеті халықтың рухани жəне эстетикалық сұранысын қана ғат тандыру болып табылатын Мəдениет үйлерін
мəдениеттің мəйегі деп біледі. Аудандағы Мəдениет үйінің материалдық-техникалық базасы енді жолға қойылып келе жатса да аталмыш өнер ошағы рухани болмысына сын түсірмей келеді. Ауданның мəдени
саласын алға сүйреп, ұлттық өнердің үлгісін өмір тынысымен үндестіре білгендіктен де соңғы үш жыл қатарынан үздіктердің тізімінен түскен емес. Биыл үздіктің үздігі атанып, абыройға бөленгені ұлтжанды
ұжымның арқасы екендігі даусыз. Ұлттық идеяны жүзеге асырудағы елеулі қадамның бірі – мəдениетпен тығыз байланысты екендігіне баса көңіл бөліп жүретін аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі-нің басшысы Фарида Мамырбекқызы бастаған ұжым ерекше марапаттан кейін өз жұмысын одан əрі күшейте бермек.

Ал «Үздік мəдениет қызметкері» номинациясын жеңіп алған Семейхан Дəріпханның еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды. Қазақылығы нұрланған Нұрадағы Мəдениет үйінің жетекшісі, əнші, ұлт руха-ниятының жанашыры Семейхан қашан көрсек те халықтық өнерді жастар жадына құйып, рухани жаңғы-ру жолынан жыраққа кетпеуін қадағалап келеді. Берілген марапатқа əбден лайықты азаматтың алдағы ісіне тек сəттілік тілейміз. Марапат иелерін ұжымымыздың атынан құттықтап, ұлт мəртебесін асқақтату
жолындағы алға қойған мақсаттарыңыз баянды болсын демекпіз. Ауданымыздың рухани қазынасы еселене берсін!

Меруерт ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА,
«Талғар».