«Nur Otan» партиясы ел Президентінің кезектен тыс сайлауына өз кандидатын ұсынды. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты еліміздегі ең жоғары лауазымға лайық тұлға ретінде атаған болатын. Үстіміздегі жылдың 4 мамырында «Nur Otan» партиясы Талғар ауданы филиалында аудандық сайлау алды штаб құрылған болатын. Оның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенттігіне Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды компаниясын және аудандық сайлауалды штабтары жұмыстарын ұй ым дастыру, үйлестіру және бақылау болып табылады. Штаб жетекшісі болып аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ермағанбетова тағайындалып, аудан бойынша 76 сайлау учаскесі жұмыс жасап, қоғамдық штаб құрамына 20 адам бекітілді.
11 мамырдан бастап қоғамдық штаб өз жұмысын ресми түрде бастаған болатын. Алдағы сайлауға 23 күн қалды. Халық мемлекет басшысын таңдайтын саяси дода алдындағы үгіт-насихат шаралары бүгінде қыза түскен. Барлық шаралар заң аясында жүргізіліп, үгіт-насихат кезінде аймақтарға іссапарлар, жұмысшы ұжымдармен кездесулер, флешмобтар мен түрлі акциялар өткізу жоспарға сəйкес жүзеге асуда.
Апта басында аудандық «Нұр Отан» партиясы қоғамдық штабының мүшелері ауданымыздың мəдениет саласының қызметкерлерімен кездесіп, ел Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасының басымдықтарын халықпен бірге талқылады. Аудандық Мəдениет үйінің кең залында өткен шараға штаб төрағасы Мейрамгүл Ермағанбетова облыстық штаб мүшесі Найля Үмбетова, аудандық штаб мүшелері Əбдіғани Бəзілхан мен Бағила Жолтаева мен партияның белсенді жастары қатысты.
Жиылған көпшілік алдында алғашқы сөзді штаб төрағасы Мейрамгүл Сағынжанқызы алып, штаб жұмысының негізгі мақсатымен таныстырып, партия кандидатының еңбек жолы туралы сөз қозғады. Содан соң сөз тізгінін алған облыстық штаб мүшесі Найля Үмбетова Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлау алды тұғырнамасына тоқталып, ондағы үш қағидасын тарқата айтып берді. Оның біріншісі – Сабақтастық. Еліміздің жаңа даму кезеңінде Елбасының қолға алған бағытын əрі қарай тиімді жалғастырып, тəуелсіздігімізді нығайтып, ұлттық қауіпсіздігімізді сақтап қалу ең бастысы. Кандидатымыздың негізгі мақсаты – қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, табысын арттыру екенін, сол жолда аянбай еңбек етіп ел сенімін ақтайтынына сенетінін жеткізді. Ал екінші қағидасы – Əділдік. Ұлтына, діни нанымына, мүліктік жағдайына қарамастан барлық азаматтардың құқығының теңдігі туралы Конституция қағидасы – Қасым-Жомарт Кемелұлының жұмысының басты бағдары болмақ. Сондықтан да ол қазақстандықтың жек е табысқа жетіп, əл-ауқатын арттыруына жаңа мүмкіндіктер туғызу жолын көздейді. Үшінші қағида – Өрлеу. Еліміз əлемдегі дамыған мемлекеттер қатарына қосылу үшін үздік жаһандық жетістіктер мен озық технологияны игеріп, ендіруге талпынуда. Өмірдің барлық саласында жаңашылдыққа дайын тұру қажет. Еліміз міндетті түрде алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарында болуы тиіс екенін, бүгінгі күнгі бейбіт заманымызды, ел бірлігін сақтап қалу еліміз үшін өте маңызды екенін тілге тиек етті Найля Бейсенбайқызы. Одан кейін сөз алған аудандық штаб мүшелері Əбдіғани Бəзілхан мен Бағила Жолтаева да осы орайда өз ойларын ортаға салып, барша мəдениет саласының мамандары мен ұстаздар қауымын алдағы маңызды науқанға белсене атсалысып, дұрыс таңдау жасауға шақырды.
Кездесу барысында жалпыұлттық «Birge» акциясы аясында мəдениет қызметкерлерінің ұсыныс-тілектері тыңдалды. Көпшілік арасынан сөз алған аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева мемлекеттік тіл мəселесін көтерді. Қашанда орыс жəне ағылшын тілдерімен қатар келе жатқан ана тіліміздің мəртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейтіп, бірінші орынға қою керектігін алға тартқан тіл жана шырының ұсынысын барша қауым қолдады. Сайлаушыларға өз ұсыныстарын білдіру үшін арнайы парақшалар таратылып, жазб аша ұсыныс-тілектер сенім жəшігіне жинақт алды. Сайлаушылардың ұсыныс-тілектері уəкілетті органдарға жолданатын болад ы. Қоғамдық штаб мүшел ерінің сайлаушылармен кездесуі əрі қарай да жалғасын таба бермек.
Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар».