Өңірлердегі инфроқұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Алматы облысының Көксу ауданында 11 көшенің құрылысына бюджеттен 1 миллиардқа жуық теңге бөлу қарастырылған. Олардың 8-і орташа жөндеуден кейін тротуары мен жарықшамы бар көшеге айналады. Тағы 3 көшеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Көксу ауданында 41 000 адам, 34 елдімекен бар. Мұндағы ішкі жолдар 230 километрді құрайды. Ал, ауданды кесіп өтетін жолдардың 204 километрі облыстық және 56 шақырымы республикалық маңызы бар жолға жатады. Жалпы, көлік жолдарының 76 пайызы жақсы, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Аудандағы ішкі жолдарды жөндеуге ерекше мән беріп отырмыз. Бұрын көп болса 5-6 жолды жасауға мүмкіндік болған. Қазір басқа аудандармен салыстырғанда біздегі жолдар жаман деуге келмейді. “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында ауылдадардағы ішкі жолдарға жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасап жатырмыз. Оған арнайы республикалық бюджеттен ақша бөлінеді. Бұрын бізде ағымдағы жөндеу жұмыстары болмаған, яғни, оған қаражат қарастырылмаған болатын. Қазір ондай мәселе жоқ. Барлық деңгейдегі жолдарға мүмкіндігінше қаражат қарастырып, жөндеп жатырмыз”, — дейді Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ.
Аудан республикалық маңызы бар күре жолдың бойында орналасқандықтан үлкен жолдардың бәрі күрделі жөндеуден өткен. Сондай-ақ, өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде Мұқаншы (3 миллион теңге), Айнабұлақ (1 миллион теңге) және Қаблиса ауылдық округтеріндегі көшелерге ағымдағы жөндеу жүргізілмек. Қалған ауылдардағы ішкі жолдарды қиыршық таспен жауып, келер жылы асфальт төсеу жоспарланған екен.
Талғар-ақпарат