Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері екі айда 8 бірдей көп балалы отбасыға үй сыйлаған

Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері екі айда 8 бірдей көп балалы отбасыға үй сыйлаған

Бүгін Алматы облысы Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері тағы да екі отбасыға баспана сыйлады. Жаңа шаңырақ иелерінің екеуіде жалғыз басты аналар. Бірі 3 кішкентайды,  екіншісі 7 бірдей баланы бағып отыр, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Сарыбұлақ ауылының тұрғыны, 7 баланың анасы Мейрамгүл Бәйсеитоваға, осы ауылда орналасқан «Сарыбұлақ» шаруа қожалығының басшылары 4 бөлмелі үйді сатып әперген.

«Осы күнге дейін 7 баламен баспанасыз, жалдамалы  пәтерде тұрдым. Екі балам оқу оқиды,  5 балам мектепте. Жалғыз өзімнің қолымнан келгенінше тырмысып, балаларымды жеткізіп келемін. Ендігі өзіміздің үйіміз бар. Бұл біз үшін үлкен көмек болды. Қожалық басшылығына алғысым шексіз »,- дейді көп баланы батыр ана көзіне жас алып.

Сонымен қатар,  Алтынемел  ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің  бас директоры Халық  Оңғарұлы,  Сембай Гүлсанат есімді жалғыз басты ананы үш бөлмелі кең үйге кіргізді.

« 6 жылдан астам уақыт жалдамалы пәтерде тұрдым. Кіші балам енді ғана 3-ке толды, екі балам мектепте оқиды. Туған туыстың және осындай зиялы азаматтардың арқасында күнімізді көріп жүрміз» , — деді жас ана.

Айта кету керек, ауданда наурыз айында бастау алған қайырымды шара осымен 8 бірдей отбасыны баспаналы қылды. Бұл шара әлі де жалғасын таба бермек дейді аудан белсенділері.

Талғар-ақпарат