Съезде Тұңғыш Президент – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 9 маусымына белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып, ол қолдау тапты, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев зор сенім артқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа және партияластарына алғыс айта отырып, еліміздің одан әрі қарқынды дамуы жолында Тұңғыш Президент – Елбасының стратегиялық бағдарын жалғастырып, сабақтастықты қамтамасыз етуді өзінің ең басты міндеті деп санайтынын жеткізді.
– Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Елбасының көреген басшылығының арқасында кедейлік пен аласапыранды еңсеріп, тұрақтылық пен гүлденуге қарай бұрын-соңды тарихта болмаған теңдессіз қадам жасады. Тұңғыш Президент, Партиямыздың көшбасшысы бейбітшілік пен тыныштықтың, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің мызғымас негізін қалады. Елбасының айрықша күш-жігері мен көшбасшылығының арқасында біз жаңа мемлекет құрып, еліміздің бас қаласының негізін қалаушысы әрі бас сәулетшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталуға лайықты жаңа елордамызды салдық. Ең бастысы, Тұңғыш Президентіміз тұтас мемлекеттің жаңғыруы жолында табысқа ұмтылған сапалық тұрғыдан жаңа ұлттың негізін қалыптастырды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Талғар-ақпарат