Райымбек ауданында үлкен спорт кешені салынады

Райымбек ауданында үлкен спорт кешені салынады

Алматы облысының Райымбек ауданында аумағы 4069,72 шаршы метр болатын заманауи әрі үлкен спорттың кешеннің  құрылыс жұмыстары  басталды, — деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудан әкімі Жолан Омаровтың айтуынша, аталмыш спорттық сауықтыру нысанына мемлекет тарапынан 1 млрд. 110,4  миллион теңге бөлінген.

  • Халықтың денсаулығын жақсарту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға мемлекет көп көңіл бөлуде. Біздің ауданға берілгегн игі қуаныштың құрылысын «ФУД-МС» ЖШС өз қолына алып отыр. Нарынқол ауылының орталығында бой көтерін ғимараттың құрылысы 15 айда салынып бетеді,- дейді ол.

Бiр мезетте 300-ден аса жасөспiрiмді шыңдайтын спорттық кешенде он шақты үйірме болады. Атап айтқанда, волейбол, баскетбол, жеңiл атлетика, гимнастика, теннис, минифутболға арналған жарық залдар мен күрес  пен бокс бөлмелерi де бар.

Айта кету керек, спорт сарайының капсуласын сәуір айының 18 күні  Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өзі келіп қоймақ.

Талғар-ақпарат