Текелі қаласында 40 пәтерлі тұрғын үй салынады

Текелі қаласында 40 пәтерлі тұрғын үй салынады

Алматы облысының Текелі қаласында көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға арнайы 40 пәтерлі тұрғын үй салынбақ. Аталмыш тұрғын үй құрылысы осы жылдың маусым айында басталып, 6 айға созылады, — деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

40 отбасыға есептелген бұл жобаның сметалық құжаты өткен жылы  дайындалған. Бүгін де мемлекеттік сараптамадан оң баға алып, керекті қаражат бөлінді.

«Қазіргі таңда қалада көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға көп көңіл бөлінуде. Қалада 415 көпбалалы және 197 тұрмысы төмен отбасы тіркелген. Жақында 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталады. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады », — дейді қала әкімі Бахтияр Өнербаев.

Айта кету керек, дәл осындай 40  пәтерлі 2  тұрғын үйдің сметалық құжаттары дайын, енді мемлекеттік сараптамадан өтсе, келесі жылы тағы да 80 отбасы үйлі болады.

Талғар-ақпарат