Н.Назарбаев Қарасай ауданының дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барды

Н.Назарбаев Қарасай ауданының дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданы, Шамалған кентіндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешені құрылысының жүргізілу барысымен танысты. Нысанды салу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұнда бокс және тренажер залдары, күрес үйірмесі, жүзу бассейні, теннис корты және басқа да спорттық инфрақұрылымдар жұмыс істейтін болады.

Аудандағы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешеннің құрылысы Елбасының тікелей қолдауымен және оның жеке қаражатына салынуда.

Талғар-ақпарат