Талдықорғанның басты көшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Талдықорғанның басты көшесіне  Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Күні кеше ғана  тағайындалған жаңа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша,  Алматы облысының орталық қаласының басты көшесіне Қазақстанның тұңғыш президенті, «Халық қаһарманы» атағының иегері  Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді,  — хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Талдықорған қаласының ең ұзын әрі басты көшесі бұрын «Тәуелсіздік » деп аталған. Оның жалпы ұзындығы 6,8 км, ені 16-18 м.  Көше   қаланың бір шетінен екінші шетіне дейін жалғасады. Оның бойында қаланың ең көрікті нысандарымен тарихи ескеркіштері орналасқан.

Атап айтар болсақ, қазақ билеріне арналған «Үш ата» ескерткіші, қазақтың белгілі ақын-жазушысы Ғали Ормановтың бюсті, қазақ батыры Қаракерей Қабанбайдың ескерткіші және тағы да басқа еркеткіштер. Ал ең көрікті нысандары: Орталық саябақ, «аквапарк» демалыс орны, І.Жансүгіров атындағы университет, 5 колледж, 2 орта мектеп, орталық алаң, мәдениет сарайы, мұражай және т.б.

Талғар-ақпарат