Ұйғыр ауданының ауылшаруашылық көлемі 103,3 пайызды көрсетті

Ұйғыр ауданының ауылшаруашылық көлемі 103,3 пайызды көрсетті

Соңғы 2-3 жыл ауданның тұрғындары үшін табысты жыл болып, экономикалық және әлеуметтік салаларында, бірқатар маңызды іс-шаралар атқарылды. 2018 жылды қорытындай келе экономиканың барлық салаларында өсім қарқыны тұрақты және табысты болды. Нақты тоқтала өтсек, шаруашылықтың барлық саласы бойынша  көлемі  24 млрд 950 млн. Теңгелік өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 103,3 пайызды құрады, немесе  2 млрд 470 млн. теңгеге артты,-деп хабарлайды өңірлік коммуникциялар қызметі.

Ұйғыр ауданы әкімінің айтуынша, 22414 га жерге егіс егіліп, оның ішінде жүгері алқабы 430 га ұлғайып,11643 га жеткенін,өңірдегі жеміс-жидек бақтардың көлемі соңғы 5 жылда 3912 га болғанын айтып, 2019 жылы тағы да 800 га жаңа бақ отырғызуды жоспарлап отырғанын қуанышпен жеткізді. Нақтырақ айтар болсақ, әлеуметтік-экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, кәсіпкерлік көкжиегін кеңейту, шағын және орта бизнесті дамыту және т.б тапсырмалар турасында жұмыстар атқарылған.

3 млрд.282 млн. теңгеге өнеркәсіп өрдірісі өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда өндірілген өнім          636 млн. теңгеге көбейіп, нақты индекс көлемің 100 пайызға орындалды. Бүгінгі таңда ауданда «Қызбулак» серіктестігі Қалжат құрылыс туфының кен орнын игеруды бастады.(1,5 млн. Текші метр туф қоры бар). «Qazag Тass» ЖШС осы туфтан қаптау (облицововочная) плитка шығара бастады. Одан сырт үстіміздегі жылы құс фабрикасы өз жұмысын қайта бастайтынын айтты.

Шағын және орта бизнес саласы аудан бюджетіне  960 млн. теңге қаржы құйып, салық түсімі өткен жылмен салыстырғанда 597 млн.теңгеге көбейіп, 264 пайызын құрады. Облыс бойынша 100 жобаның ішінде 7 жоба ауданда ашылса, жаңадан 79 тұрақты жұмыс орнына 516 млн теңгеге инвестиция тарылады. Сонымен қатар 2019 жылға 15 жоба іске асыру жоспарлануда. 25 елді мекеннің 22-і немесе 88 пайызы орталық су жүйесімен қамтамасыз етілген. Елді мекен жолдары барлығы паспортталды, 5 ауылдың 12 шақырымына орталау жөндеу жұмыстары жүргізілді, оған 315 млн теңге қарастырылған. 2019 жылға 15 шақырым жолдарға орташа жөндеу жұмыстарына 417 млн. теңге қаражат бөлінетінін және « Азия газ Шонжы»  серіктестігі арқылы 36 шақырым газ желісі тарылып Шонжы ауылының 2000 тұрғын үйді 1 тоқсанда табиғи газбен қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Еңбек «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 201-2021 жылдарға арналған бағдарламаның Үш бағыты бойынша 2882 адамға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Бағдарламаның екінші бағыты аясында аудан бойынша 82 кәсіпкерге 290 млн. теңгеге несие берілді, олар өз жұмыстарын бастап 101 жаңа жұмыс орнын ашты.

Ауданның  11 ауылдық округтерінде, қызметтік үймен қосарланған учаскелік полиция пунктерінің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.

Білім саласына да баса назар аударылып келеді. Шонжы ауылдық округіне қарасты № 1 орта мектебі үш аусымды, жаңа мектеп салуға жобалау сметалық құжаттар дайындалу үстінде.

Туризм, демалыс сауықтыру үшін және басқа да қызметтер үшін 4 туристік бағыты бойынша арасанда 48 демалыс орны,3 қонақ үй,аңшылар үйлері танымдық,экологиялық және басқа да туризм түрлерін көрсету мақсатында жұмыс атқарды. 2018 жылы демалуға 71150 адам келіп, ақылы туристік сауықтыру қызметінің көлемі 369,3 млн. Теңге болды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 111,6 пайызды құрайтынын айтып, биылғы жылғы жоспарымызға сай, көптеген істер алдағы уақытта да жалғасын табады» деді аудан әкімі.

Талғар-ақпарат