Көксу ауданында құны 300 млн болатын дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады, — деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аудан орталығы Балпық би ауылында 180 орынға шақталған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Сәуір айында мұнда болашақ құрылыстың алғашқы тасы қаланды. Құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың жаз айына қарай аяқтау жоспарланып отыр. Жалпы аумағы 2 гектар болатын су жаңа кешенде волейбол, баскетбол, гандбол, минифутбол, бадбинтон, теннис, бокс, күрес сияқты спорт түрлерінен сабақтар өткізіліп, күрес залы, бокс залы, жаттығу залы, командалық ойындар алаңы ашылады.
Сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешені аумағында хоккей алаңы, скалодром, 180 орынға арналған көрермендер орны қарастырылған.
Айта кетейік 2018 жылдың қазан айында аудан орталығында 840 орынға арналған Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадион күрделі жаңартудан өткен. Бүгінде стадионда футбол алаңы, жүгіру жолы, баскетбол, волейбол гимнастикамен шұғылдану алаңы, ұзындыққа секіру алаңы және үстел теннисін ойнайтын алаңдар жұмыс істеп тұр.
Бүгінде аудан балалары спорттың 5 түрінен: дзюдо, еркін күрес, грек-рим, самбо күрестерінен және армрестлингтан (қол күрес) 284 бала жаттығуда.
Орталық стадионның оң жағында дене сауықтандыру кешенінің құрылысы, сол жағында жабық бассейннің құрылысын ойдағыдай жүзеге асса спорттық нысандарының ансамбілі қалыптаспақ.
Талғар-ақпарат