Шығыстың ұлы ой кемеңгерлерінің бірі Жүсіп Баласағұн бір еңбегінде бала тәрбиесі туралы: «Ұл өсіргің
келсе дана жүректі, Қатты ұстап, үйрет білім, ізетті, Кім ұл-қызын шолжаңдатса бетімен, Тартар күйін, ет
кескендей етінен…», – деп баланы сәби кезінен еңбекке баулып, оның өз бетінше тырбанып, әрекет етуіне көп
күш салу керектігін айтқан екен.
Талғар қаласындағы № 7 «Айгөлек» балабақшасына барып жүрген төрт жасар Əли Бектұрған да спортқа бейім, аяқ-қол қимылдары да жылдам, татами үстінде шыр көбелек айна лып, таэквондо спортын шебер меңгерген бүлдіршіннің бірі. Оны атасы Бектұрған төрт жасынан спорт мектебінің жаттықтырушысы Алмас Байчоровтың қолына берген еді. Талантты бапкер шиыршық атып, қолды-аяққа тұрмайтын Əлиді бір жыл-дың ішінде ұста көрігінен ішінен шыққан алмас қылыштай жарқыратып шығарды. Жас таэквондашы жа-қында Қайназар ауылында таэквондадан жасөспірімдер арасында өткен (WT) турнирінде 5-6 жасар балалар-мен айқасып, жүлделі үшінші орынды иемденіп қайтты. Өзінен 1-2 жас үлкен балалармен тең өнер көрсеткен Əли Бектұрғаннан бапкері Алмас Байчоровта үлкен үміт күтеді.
Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».