Халық әнін салып, би билеген, қолөнермен айналысып, ұршығын үйірген әжелерді көрсек солай болуға тиіс-тідей қабылдаймыз. Ал зейнетке шығып, немере бағып отырған апаның шаңғы теуіп, чемпионаттарға қатысып, үздік үштікке ілінгенін естігенде таңданысымды жасыра алмадым.
Ол ұзақ жылдар бойы спортпен серік болғанының арқасы екендігі даусыз.
— Мен Батыс Қазақстанның қызымын, — дейді 67 жастағы шаңғышы апамыз Ұлдай Шоқабаева əңгімесін бас-тап. – Əке-шешем бəрімізді еңбекқор етіп тəрбиеледі. Қыздың, ұлдың жұмысы деп бөлмей, ауыр-жеңіліне
қарамай жастайымнан еңбекке араластым. Спортқа да əуестігім сол бала кезден қалыптасты. Əрі өте намыс-қой едім.
«Жеңілген күреске тоймайдының» керімен өз-өзімді қамшы лап, шынықтырып, жі ге рімді жанығанның
арқасында бүгінгі күнге жетіп отырмын. Сөзі де, қимылы да ширақ Ұлдай апа мектеп бітірісімен Алматыдағы спорт жəне туризм академиясына қабылданып, спортқа ден қоюына үлкен күш салады. Тағдыр қалауымен Талғарға келіп, тұрмысқа шығып, №2 мектепте 40 жылдай денешынықтырудан сабақ береді. Алты баламен зейнеткерлікке ерте шықса да тағы жеті жыл шəкірттерге көрген-білгенін үйретумен болады. Саламатты өмір салтын қалыптастырып үлгерген ана зейнеткерлікке шыққан соң да үйде қарап отыра алмайды. Аудан намы-сын қорғап, ересектер арасындағы түрлі жарыстарға қатысып келеді.
Жуырда Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында шаңғы жарысынан өткен Алматы облысының чемпионатына қатысып қайтты. 21 жылдан кейін жеке өз алдына аудан болып құрылғалы бері жеке аудан ретінде бірінші рет өткізілген жарыста 250-ге жуық спортшылар бас қосып, 18 команда өзара бақ сынасқан-ды. Облыс үшін дəс-түрге айналған шаңғы жарысына спорттың осы түрімен шұғылданатын əуесқойлардан бастап, кəнігі спорт-шыларға дейін түгел жиналды десек, артық болмас. Жеңіске деген жігерлік танытқандардың қатарынан Ұлдай апамыз да табылып, əйелдер арасындағы «63+» жас аралығындағы жарыста ІІІ орынды иеленді. 67 жасқа келген апамыз өзінен 3-4 жас кіші шаңғышылармен сайысып, терезесі тең өнер көрсетіп, үздік үштікке ілгенінің өзін үлкен ерлікке балап отыр Аудан намысын асқақтатып келген апамызды аудандық спорт бөлімі қошеметтемесе де, газет тілшілері қуана құттықтап, ақ тілектерін жаудыртты.
Иə, ата-ананың өнегелі тəрбиесі ұрпағын биіктерге жетелейді. Əке-шешенің талаптылығы мен тəрбиесінің арқасында атағы жер жармаса да бір өзіне жетерлік абыройы бар апамыз ұл-қыздарын да еңбекпен есейтіп келеді. Балаларының алды үйлі-баранды болып, немере сыйлап, «атаəже» атандырды. «Күміс алқасынан» бөлек білім беру саласындағы қажырлы еңбегі үшін аудан, облыс басшылығынан алған «Алғыс хаттары», «Құрмет грамоталары» бір төбе. Ал спорттағы жетістіктеріне берілген марапаттары өз алдына бір жетістік. Бүгінде немерелерін де спортқа баулып, қанатын қатайтып жүрген əжемізде арман жоқ. Тек жарты ғасырға жуық өмірін арнаған №2 мектебінің басшылығы еңбекқор əжемізді атаулы мерекелерде елемей қалатындығы
көңіліне кірбің салатын көрінеді. Саламатты өмір салтын сөзбен емес іспен дəлелдеп жүрген зейнеткер апа-мызға спорт шолушылары айтатындай «жеңісті күндерде жолыққанша» дейміз.
Меруерт ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА,
«Талғар».