«AlmaU» универсетиті Алматы облысының 11 сынып оқушыларына байқау жариялайды

«AlmaU» универсетиті Алматы облысының 11 сынып оқушыларына байқау жариялайды

Нәзік жанды аруларға қолдау көрсету мақсатында, «AlmaU» универсетиті және журналист Жанна Ахметова ойы ұшқыр, талпынысы ерек қыз балаларға өз жобаларын іске асыруға мүмкіндік беретін байқау өткізбек. Ең үздік екі жоба жеңімпазына аталған оқу орнынан грант тағайындалады, — деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Қазақстанда әйелдердің басым бөлігі жұмыссыз. Оған бір себеп, оларды бала тәрбиесі мен тұрмыстық жұмыстарды міндеттейтін таптаурындар. Алайда, нәзік жандылардың ұтымды ойлары мен мүмкіндіктері жетерлік. Осы себепті де, біз  өз болашағына маңызды қадам жасағалы тұрған, 11 сынып оқушы қыз балаларға өздерінің бизнес- жоспарлары мен жобаларын іске асыруға мүмкіндік беретін грант жариялауды жоспарлап отырмыз»,- дейді белгілі блогер әрі журналист Жанна Ахметова.

Аталмыш жоба, ағымдағы жылдың 2 сәуір күні жарияланса, 18 байқау өткізеді. Ал, 4 жыл тегін білім беруге уәде еткен университетің, болашақ білімгерлерінің есімі 26-шы сәуір күні белгілі болмақ.

Сондай-ақ, өркенді өңірдің түкпір-түкпірінен жиналатын белгілі жеті кәсіпкер әйелдермен кездесу, 18-19 сәуір Талдықорған қаласында, 25-26 сәуір және 16-17 мамыр күндері облыс көлемінде өткізілмек.

Талғар-ақпарат