Көксу ауданында 2018 жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары бойынша оң өсім байқалады. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдердің көлемінің артуы, шағын және орта бизнестің сенімді дамуы, мемлекеттік бюджетке түсімнің өсуі, аудан әлеуетінің артуына оң серпін берген, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімі Алмас Әділдің айтуынша аудан экономикасының негізгі саласы ауыл шаруашылығында 23 млрд. 570 млн.теңгенің өнімі өндіріліп былтырғы жылмен салыстырғанда 1 млрд. 981 млн. теңгеге артқан (2017ж-21679 млн.тг.), нақты көлем индексі 103,9 пайызды құрап отыр. Ал, 2019 жылы 25 млрд. теңгенің өнімін өндіру жоспарлануда екен.
Мал шаруашылығында барлық мал мен құс басының саны мен өнімділігі артқан. 2017 жылмен салыстырғанда ет 3 пайызға, сүт 15,5 пайызға, жұмыртқа 6,8 пайызға және жүн 0,1 пайызға артық өндірілген. «2018 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 17 млрд. 134 млн. теңгені құрады, 2017 жылмен салыстырғанда 4 млрд.988 млн. теңгеге өсті»,-дейді аудан басшысы.
Аудан орталығы Балпық би ауылында оң өзгерістер байқалып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптасып келеді. Мәселен, 840 орынға арналаған Батыржан Оңғаров атынағы орталық стадион күрделі жаңғырудан өтіп, бүгінде ел игілігіне пайдалануға берілген. Аудан орталығына 3,3 км орташа қысымды және 6 км төмен қысымды құбыр салынып, 110 абонент
көгілдір отынға қосылған. «Бұл тек бастамасы алдағы жылдары ауданның барлық тұрғын үйлері мен коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік нысандарды табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етілуіне жұмыс жасаймыз»,-деді Алмас Қабдулұлы.
Сонымен қатар бүгінгі таңда Көксу қант зауытының жұмысы біршама жеңілдеген. Оған өндіріс орнының қазан айынан бастап көгілдір отынмен қамтылуы себеп. Зауытқа табиғи газбен жұмыс істейтін пеш орнатқан. Жылына 10 мың тонна мазут жағып шығындалатын зауыт, көгілдір отынға көшіп 200 млн теңге үнемделген.
Жыл басынан атқарылған толассыз жұмыстардың арқасында әлеуметтік салада 608 жұмыс орны ашылып,жұмысқа орналасуға ниет білдірген 2231 жұмыссыздың 1396-і жұмысқа орналастырылған.
Балпық би, Теректі, Көксу және Жетіжал ауылдарындағы жалпы ұзындығы 8,3 км болатын 12 көшеге 271,3 млн.теңгеге орташа жөндеу жұмыстары да жүргізілген.
Көксу ауданының халқы 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Аудан бойынша 266,8 шақырым су құбырлары тартылған. Бүгінде ауданға қарасты елді мекендер тәулік бойы таза тіршілік нәрін тұтынуда. 2017 жылы Қаратал ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстар толығымен аяқталса, 2018 жылы Еңбекшіқазақ ауылында ауыз су жүйелерінің құрылысын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, Көксу ауданы толық ауыз сумен қамтылып отыр.
2018 жылы тұрғын үймен біріктірілген 8 учаскелік пункт , аудан орталығында 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген. Ал, 2019 жылы 20 пәтерлі және 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған.
2019 жылы Балпық би ауылындағы Амангелді, Қонаев көшелерінің, Көксу бекетінде Орақты батыр көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 264,1 млн.теңге қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, Алғабас, Балпық, Қаблиса және Жарлыөзек ауылдық округтерінде 7 елді мекенінің жолдарын орташа жөндеуге 127,2 млн.теңге бөлінген.
Талғар-ақпарат