Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді

Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді

Бүгін Елбасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Қаулысын қабылдады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына  сәйкес министрліктердің басшылары төмендегідей тізімде тағайындалды:

Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Гүлшара Әбдіхалықова — премьер-министрдің орынбасары;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Күләш Шамшидинова — білім және ғылым министрі;

Сапархан Омаров — ауыл шаруашылығы министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

Сонымен қатар, Ерболат Досаев Ұлттық банк төрағасы болды. Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Данияр Ақышев қызметінен босатылды.

Талғар-ақпарат