ЕРКІН КҮРЕС ШЕБЕРЛЕРІ БЕЛДЕСТІ

ЕРКІН КҮРЕС ШЕБЕРЛЕРІ БЕЛДЕСТІ

Өткен аптада Жаңалық ауылында жаттық тырушы марқұм Қалибек Жиентаевты еске алу турнирі болып өтті. Жасөспірімдер арасында еркін күрестен өткен облыстық турнирге Ақсу, Кербұлақ, Талғар, Қапшағай қалала-ры мен Тұздыбастау, Талдыбұлақ, Туғанбай, Нұра, Жаңалық, Кеңдала, Дəулет, Өстемір, Сары-өзек, Заречный
ауылдарынан 350-ден астам балуандар жиналып, екі күн бойы боз кілем үстін ұлы дүбірге бөледі.

Екі күнге созылған тартысты сайыста күшті де, айлалы балуандары көп Жаңалық ауылының спортшылары командалық есепте бас бəйгені жеңіп алып, жеңіс тойын тойласа, екінші орынды Қапшағай қаласының спортшылары, ал үздік үштікті Туғанбай ауылының жас шеберлері түйіндеді. Жекелей сында шебер күресі-мен көзге түскен Талғар ауданының балуандары: Мұстафа Əли (42 келі), Бақберген Рауан ( 45 келі), Молдəлі Дидар (50 келіден жоғары), Ысқақов Ерғанат (45 келіден жоғары), атлыннан алқа тағынса, ақтық сында ғана сүрінген: Нұрсерік Беглан (39 келі), Тоқтасын Абай (42 келі), Орынбасар Мансұр (45 келіден жоғары), Жүнісхан Нұрсұлтан (45 келі), Сұлтан Бейбарыс (39 келі), Қуандық Асылжан (42 келі) күміс медальді мойын-дарына тағып қайтты. Ал, қола жүлдегер атанған: Мұхатұлы Мадияр (39 келі), Нұрбай Ақниет (45 келіден жоғары), Рашидұлы Мади (36 келі), Ераділұлы Таңнұр (42 келіден жоғары), сынды балалар болашақтарынан үлкен үміт күтуге болатындығын дəлелдеді. Жарыс соңынан үздік көрінген командалар мен жекелей салмақ-та жүлде алған балуандарға Кубок, «Мақтау қағазы» жəне естелік медальдар табыс етілді.

 

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».