Асқар Мамин Премьер-Министрдің міндеттерін уақытша атқарады

Асқар Мамин Премьер-Министрдің міндеттерін уақытша атқарады

А.Мамин Елбасының Қаулысы бойынша Үкімет басшысы қызметін уақытша атқарады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат.

Қаулының толық нұсқасы:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4.   Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Талғар-ақпарат.