Орасан пайдасы бар орталық ашылды

Орасан пайдасы бар орталық ашылды

«Жастар жылы» ауданымызда ауқымды жобалармен бастау алды. Сегіз бағыттың бірі ретінде таңдалынып алынған «Жастар жолы» жобасы алғашқы баспалдағынан-ақ тиімді, пайдалы жоба екенін аңғартты.  Жоба аясында Нұра ауылдық Мәдениет үйінде спорттық орталық ашылды. Облыс бюджетінен бөлінген 7 млн. 300 мың теңге қаражат толықтай игеріліп, жуырда аталмыш орталық қолданысқа берілді.

Шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбарасы Қайдар Алиханұлы, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Аманжол Нұрманов, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Замира Нұрланқызымен қатар ауыл тұрғындары, жастар, мәдениет қызметкерлері қатысты. Ауылдық Мәдениет үйінің директоры Семейхан Дәріпхан маңызды шараның маңыздылығына тоқталып,  ауыл жастарына беріліп отырған осындай  мүмкіндікке ризашылығын білдірді.  Орталықтың қызыл лентасын қиған ауыл ақсақалы Сайлау Жантілеуов пен Қайдар Абдыханов қолға алған игі бастаманың толықтай жүзеге асуына сәттілік тіледі. Орталық ішін аралап, қолданысқа берілген жаттығу құрылғыларымен танысып, жастармен емен-жарқын әңгіме жүргізді.  Қазақ күресінен облыстық, республикалық бәсекелердің жеңімпаздары көрсеткен өнерлерін тамашалап, ауыл ақсақалы Әзімжан Нұрәбілов спортты серік еткен жас тарландарға  ақ батасын берді. Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы мен аудан әкімі Рыскелді Ахметқалиұлының қолдануымен ашылған спорттық-патриоттық орталық өскелең ұрпақтың елімізге деген сүйіспеншілігін арттыруға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік беретін орталық болмақ.  Орталыққа қатысушылар спорттың  қазақша  күрес, ережесіз  күрес, волейбол, шахмат,  дзюдо, теннис,  қоян-қолтық ұрыс түрлері бойынша дәріс ала алады. Ата-аналарға үйірмеге қатысатын балаларын күтуге арналған арнайы бір бөлме де ұйымдастырылған.

Құрметті қонақтар келесі кезекте округте «Жастар жылының» ашылуына орай дайындалған конференцияға қатысты. Ауыл кітапханасының жекткшісі Гүлнәр Ахадтың жастар тақырыбына арналған көрмесімен ашылған шара аудан әкімі орынбасарының жылы лебізімен жалғасын тапты. Жастар жылына бағыттылған негізгі іс-шараларды тілге тиек еткен Қайдар Алиханұлы өңір мәдениетіне үздіксіз еңбек сіңіріп жүрген бір топ жасты аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Өз кезегінде сөз алған  Нұра ауылдық округі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Гүлназ Ізбасарқызы мен жас кәсіпкер, керек кезде қол ұшын беріп жүрген қайырымды жан Жанаргүл Иманжанқызы өсем деген жас үшін биылғы жылдың берері мол екенін жеткізді. Жастық жігерлерін елі мен жеріне арнаған жастың болашағы жарқын болатынын жеткізді.

Кезінде өзі де осы Мәдениет үйін басқарып, ауылдың өнері мен өлеңіне өлшеусіз үлес қосқан аудандық мәслихаттың депутаты, ауданның «Құрметті азаматы» Әбдіғани Бәзілхан ағамыз жастарға арналып айтылған жалынды сөздері ешкімді бей-жай қалдырмады.  Еліміздің болашақтарын құмдай сырғыған уақытты тиімді пайдаланып, бос селтеңмен емес пайдалы іспен көрсете білуге шақырды.

Конференция соңы ауыл өнерпаздарының патриоттық әні мен сазды биімен жалғасын тапты.

М.Бөлек