Алматы облысының ТЖД: «Өз отбасыңыздың қауіпсіздігі үшін, бізге үйіңіздің есігін ашуыңызды сұраймыз»

Алматы облысының ТЖД: «Өз отбасыңыздың қауіпсіздігі үшін, бізге үйіңіздің есігін ашуыңызды сұраймыз»

Жылыту маусымы кезінде тұрғын үй секторларында от жағу өте қауіпті. Себебі, бір шалыс басушылық орны толмас қайғыға әкеп соқтырмақ. Осы түнде Талдықорған қаласында улы газбен уланудан 3 адам қаза тапты, оның біреуі 4 жасар бала. Ал, 8 жасар окушы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілдген. Ол қазір барокамера апараты арқылы тыныс алуда. Осыған байланысты, Алматы облысының ТЖД тұрғындардан үйге от жаққаннан кейін абай болуға және қауіпсіздің өкілдеріне өз үйлерінің есіктерін ашуға шақырады, — деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

  • «Конституция бойынша жеке тұрғын үй — бұл қол сұғылмайтын аймақ. Біздің сіздердің үйлеріңізге рұқсатсыз кіруге құқығымыз жоқ. Алайда, жылыту маусымында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу біздің міндет. Үйіңіздегі пешіңіздің қауіпсіз екендігіне көз жеткізу, ол ең алдымен өздеріңіз үшін маңызды. Өйткені, бір қателік адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін, — дейді Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары Серікхан Тұраров.

Сонымен қатар,  тұрғындардың назарына ерекше айта кетерлік жәйт, ол – көміртегі тотығы датчигі. Құны не бәрі 5 мың мен 15 мың аралығында тұратын датчик — тұрғын үйге улы газ таралғанда дабыл қағады.  Талдықорған қаласының ТЖБ басшысы Ерлан Ахашовтың айтуынша, облыста осындай датчиктер көп балалы, жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне тегін орнатылған.

«Улы газ – бұл   көрінбейді, оның түсі де, иісі де жоқ. Оны ауыздықтау үшін, осындай құрал ойлап табылды.  Ол улы газды бірден анықтайды, және дабыл қағады. Ескерту берілгенде бөлменің ауасын тазартып немесе  101 нөміріне хабарласу қажет», — деді ол.

Айта кету керек, жыл басынан бері өңір аумағында 18 930 адам қауіпсіздік жөнінде ақпараттық, түсіндірме жұмыстарымен қамтылған. Сондай-ақ, тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша штаб құрылды.

Талғар-ақпарат