ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ БІЛГІР МАМАНЫ

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ БІЛГІР МАМАНЫ

«Біздің жастарымыз төзімді батыл болып өсулері керек, олар тек барлық футбол матчтарына баруға ынтала-нып және барлық спортшылардың аттарын біліп қана қоймай, сонымен қатар іс жүзінде дене жаттығулары-мен, спортпен ұдайы шұғылданулары керек», – деп ұлы педагог Антон Макаренко айтып өткендей, Амантай бала кезінен спортты серік еткен жан еді.

Бұл күндері ер жасы елуді еңсерсе де əлі күнге спортты серік етіп, Талдыбұлақ ауылындағы №35 орта мектеп оқушыларымен бірге аудан, облыс көлемінде өтетін жарыстарда жиі жүретін дене тəрбиесінің мұғалімі Амантай Сапунов есімді азамат спортқа жан-тəнімен берілген жанның бірі. 1963 жылы Қарақалпақ автоно-миялық республикасының Қоңырат ауданы, Үстірт ауылындағы Эрнесть Тельман атындағы мектепте оқыған Амантай жас кезінен спортқа жаны құштар баланың бірі болыпты. 1988-1993 жылдары Алматы қаласындағы
ауылшаруашылығы институтын бітірген, кейін 2012-2014 жылдары Тараз қаласындағы мемлекеттік университеттің дене тəрбиесі жəне спорт бөлімін аяқтаған спортшы жігіттің үнемі жүрегі спорт деп соғады.
Дарынды мұғалім бұл күндері мектеп оқушыларын тоғызқұмалақ пен қол күресіне үйретіп, олардың облыстық, республикалық жарыстарда жеңіске жетулеріне өз үлесін қосып жүр. Мəселен, оның шəкірті қазір 11-сыныпта оқитын Мұрат Тасқын 2018 жылы Дубайда жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирде бірінші орын алса, одан кейін Алматыда өткен республикалық «Бейбітшілік əлемі» атты жарыста топ жарды.
Ал ол дайындайтын №35 орта мектептің қол күресі шеберлері облыстық жарыста үнемі жүлделі орындарды иемденіп жүр. «Өзгелерді үйретіп жүріп, өзіміз де үйренеміз» – деп көне грек ойшылы Сенека айтпақшы, жас ұрпақты тəрбиелеп, олардың білікті де білімді азамат болуларына үлкен үлес қосып жүрген ұстаз Аман-тай Сапуновты біз əлі талай-талай биіктерден көретін боламыз.

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».