Алматы облысында үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған әлеуметтік бағыттағы проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін жоба өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Жыл сайын жоғары нәтижелі жұмыс атқаратын Үкіметтік емес ұйымдарға арналған жәрмеңке жылдық жоспарын ұсынды. Қоғамға өз септігін тигізіп, әлеуметтік көмек көрсететін ұйымның ендігі мәселесі – ауылдық жерлерде азаматтық бастаманы дамыту. Ағымдағы жылы “Үш тілділік” саясаты аясында жәрмеңкеге қатысушыларға ағылшын тілі курстарын ұйымдастыру, әлеуметтік бизнес топтарын құру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде таныстырылатын жоба мен идеялардың практикалық көрсету алаңына айналмақ.
Биылғы жылдағы өткізілетін жәрмеңкенің басты мақсаты – әлеуметтік сала ұйымдарының позитивті имиджін қалыптастыру, әртүрлі қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін көтеру.
Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымдардың жобаларын таныстыру үшін Алматы облыстық ашық байқау өткізіледі. Жәрмеңкеге өтініш жазу, іріктеу кезеңі 23-ші ақпанға дейін жалғасады. Қорытынды кезеңде идея авторлары салтанатты түрде марапатталып, 1миллион теңге көлемінде грант табысталады.
“2017 жылы облыс бойынша аудан мен қалалардан 29 үкіметтік емес ұйым қатысуға өтінім білдірді. Соған байланысты мемлекет жалпы 4,5 миллион ақша бөліп отыр. Былтыр өтініш білдірушілер саны 103- ке өсіп, бөлінген қаражаттың жалпы соммасы 10 миллион теңгені құрады.”, — деді қорытындылады Алматы облысы Азаматтық Альянсының президенті Жанар Болатқызы.
Талғар-ақпарат