Талдықорғанда Жетісу мемлекеттік Университеті білімгерлеріне “Жалған ақпарат дәуірі және журналист жауапкершілігі” тақырыбы аясында шеберлік сағаты өткізілді, — деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазіргі ақпарат ағымы заманында шынайы дерек көздеріне сүйенуді, заңдық тұрғыда журналист құқықтарының сауатты қолданылуының маңыздылығы жөнінде “Ұлан газетінің” тілшісі, медиатренер Жұлдыз Әбділда өз тәжірибесінде орын алған жағдайлармен бөлісті.
“Кәсіби журналист этикалық нормаларды сақтай отырып, басты назарын ақпаратқа деген жауапкершілікке бөлуі тиіс. Нақты деректің болмауы салдарынан қоғам зардап шегеді. Сол себепті журналисттік зерттеудің терең болуын ескеру қажет. Сонымен қатар,журналистің қызмет саласында эмоцианалдық тұрғыда провокацияға орын берілмегені аса маңызды. Ашуға ерік беру, қызбалыққа салыну өзінің теріс әсерін тигізеді” , — деді Жұлдыз Әбділда.
Жиын барысында мамандар білімгерлердің сұрақтарына жауап беріп, қызықты мариалдар ұсынды. Жалпы ақпараттық дәуірдің қыр-сырын талдау арқылы тәжірибелі журналистер болашақ әріптестерімен кері байланыс орнатты.
Ал, радиожурналистикаға қызығушылық танытқандарға осы саланың өзіндік қағидаларымен таныстырған «Қазақ» радиосының жүргізушісі Гүлбағыш Бостан, радио табиғаты тікелей эфир болғандықтан əрдайым тіл тазалығының сақталуы алдыңғы орында екендігін атап өтті.
Айта кету керек, аталмыш іс-шара бірінші мәрте өткізіліп отырған жоқ. Білім сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған “Workshop” шеберлік сағаттары осыған дейін бірнеше білікті азаматтармен кездесу ұйымдастырған болатын. Сондай-ақ, келешекте де жоғары деңгейлі шаралар өткізіліп , өз нәтижесін береді деп күтіледі.
Талғар-ақпарат