Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторды сатып алу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, – деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылдың 27 желтоқсанында Мемлекет басшысының «Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторды сатып алу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойлғаны белгілі. Осыған сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жеңілдетуге бағытталған заңнамаға бірқатар түзетулер енгізілген.

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Раманхан Төрегелдиевтің айтуынша, жаңартылған заңнаманың тиімді жақтары мол.

«Мемлекет басшысының 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында аталған  негізгі мәселелердің бірі  ол, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру болып табылады. Осы бағыта бір неше жұмыстар атқарылып былтырғы жылдың соңында зыңға өзгерістер енді. Соның бірі: баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуларда (сатып алуларда 1 000 АЕК дейін немесе 2 525 000 теңгеге дейін) тапсырыс берушілерге құжаттамада тауарлардың фирмалық атауларын көрсетуге құқық беріледі. Бұл тапсырыс берушілерге неғұрлым сапалы тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді», — дейді ол.

Бұдан басқа, Бұл маңызы аз сатып алу бойынша рәсімдерді жеңілдететін, бір көзден алу тәсілімен жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың шекті сомасы 100-ден 500 АЕК-ке дейін ұлғайтылған.

— мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын веб-порталда орналастырмағаны немесе уақтылы орналастырмағаны, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бюджетке сәйкес келмейтін көлемде бекіткені, бірінші басшылардың, сонымен қатар комиссия мүшелерінің әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытылы қарамағаны және алдын ала рұқсат беру хаттамасы мен қорытынды хаттамасын уақытылы орналастырмағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктері қарастырылған, — деп атап өтті Р.Төрегелдиев.

Айта кету керек, бұрын сатып алуға қатысушылар келісім-шартқа отыру үшін бағаны негізсіз төмендету салдарынан шарттық міндеттемелердің тиісінше орындамауға әкеп соқтыру мәселелері орын алған. Бүгінгі күні өткізілмеген аукциондар бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру жағдайлары қысқартылып отыр.

Мемлекеттік сатып алудың басты мәселелерінің бірі — бір көзден сатып алудың үлесі үлкен болып қалуда. Мысалы, жекелеген сатып алулардағы бәсекелі ортаға қарамастан, орташа 10-15 компания сатып алу өтпеді деп танып, сатып алуға тек бір өнім берушінің жіберілуіне байланысты, сатып алуға қатысушылардың қалған өтінімдері қабылданбаған. Осыған байланысты, бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер арасындағы бәсекелестікті арттыру мақсатында конкурстар өткізілмеді деп танылған жағдайда, заңнама жекелеген жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушыларға конкурстарды қайтадан өткізуге міндеттейді.

Сондай-ақ,  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуда, веб-порталын пайдалану (қол жеткізу) бойынша қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Қызметтердің құны мен тарифтері мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған. Сонымен қатар, уәкілетті органның шешімдеріне шағымдану шеңберінде дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті болып табылатынын атап өтеміз. Мысалы, заңды және жеке тұлғалар арасында дауларды сотқа дейін реттеусіз тікелей сот органдарына жүгіну арқылы уәкілетті органның шешіміне шағымдану тәжірибесі болған.

Және де, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру бөлігінде көптеген түзетулер енгізілді.

— Департаментпен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және аудандық маңызы бар әкімдіктердің қатысуымен бейне-конференция арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Оның басты себебі, біз мемлекеттік сатып алу саласындағы әрбір жаңа заңдарды жеткізуіміз керек. Осы негізде, біз  ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерден, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, заңнамаға сәйкес іске асыруларын сұраймыз, — деп қорытындылады Р.Төрегелдиев.

Талғар-ақпарат