МЕМЛЕКЕТ ҚАЗЫНАСЫН «ЖЕТІСУ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАҢЫЗ!

МЕМЛЕКЕТ ҚАЗЫНАСЫН «ЖЕТІСУ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАҢЫЗ!

Жыл басынан Алматы облысында мемлекеттік қызметтерді алуда халық үшін қолайлы орта құру және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында Алматы облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің арасында «Жетісу – адалдық алаңы» жобасының Жарғысы бекітіліп, өңірлік кеңсесі іске қосылды. Бұл жобаның маңызды бағытының бірі – мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражатты тиімді пайдалануды және қоғамдық бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуді «Қоғамдық бақылау картасы» арқылы қарастыру болып табылады. Бұл қоғам арасында адалдықты және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады.

Мысалы, Алматы облысының аумағында жолдар сапасыз жөндеуден өтсе, әлеуметтік нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары сапасыз жасалса немесе қоғамға байланысты басқа да мәселелер болса, онда әрбір азамат қоғамдық бақылау картасының Call-орталығы және әлеуметтік желілері арқылы өтініштерімен Департаментке жүгіну мүмкіндіктері бар. Өтініштер мазмұнына қарай тиісті органдарға (мекемелерге) жолданып, заң аясында Департамент қадағалауымен қарастырылады.

Құрметті Алматы облысының тұрғындары, егер Сіздерде жоғарыда айтылған мәселелер бойынша арыз-шағымдарыңыз болса 8(7282) 24-11-91 Call-орталығы арқылы немесе төменде көрсетілген әлеуметтік желілер арқылы өтініш білдіре аласыз:

WhatsApp: 8 707 826 65 70;

Твиттер: 8 707 826 65 70;

Instagram: department_gossluzhby_almobl;

Facebook: https://www.facebook.com/ADGSiPK/

Талғар-ақпарат