Талдықорғанда мүмкіншілігі шектеулі екі азаматқа 2 млн. теңге грант берілді

Талдықорғанда мүмкіншілігі шектеулі екі азаматқа 2 млн. теңге грант берілді

Алматы облысында «Оқыту және жұмысқа орналастыру арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту» жобасы нәтижесінде, мүмкіншілігі шектеулі екі азамат 2 млн. теңгеге жеке кәсіптерін ашты – деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жоба, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен. Аталмыш  жоба шеңберінде, өз мүмкіндіктерін іске асыруға ықпал ететін «Social IT. Жаңа білім — жаңа мүмкіндіктер» әлеуметтік-білім беру курсынан өтуге 25 адам қатысқан. 3 айға жалғасқан курс соңында,  8 үміткер  өздерінің әлеуметтік жобаларымен өтінім берген.

«Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігінің Президенті Жанат Тулемисованың айтуынша, екі ең үздік жобалардың авторы жеңімпаз атанған.

«Қатысқан 8 адамның ішінен ең үздік жобалардың 2 авторы жеңімпаз атанды. Оларға әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге және мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруға бағытталған,  әлеуметтік идеяларын жүзеге асыруға 2 млн. теңгенің сертификаты таысталды», — дейді ол.

Аталған байқауда, 1 млн. теңгелік грантты екі азамат, яғни   «Робототехника бойынша оқыту орталығын ашу» жобасының авторы Дамир Нұркежанов және «ELSTAR Ресурстық орталығы» жобасының авторы Вадим Друзин алған.

-Осындай өмір сынағана тап болған маған, басында өте қиын болды. Себебі, тән жарасы жазылған мен психологиялық тұрғыдан оңалу оңайға түспеді. Біздің елде өкінішке орай, біз сияқты жандарға психологиялық қолдау көрсететін орталықтар аз. Осы себепті, мен «ELSTAR Ресурстық орталығы» жобасын ұсындым. Онда мүмкіншілігі шектеулі жандар кез-келген уақытта қоңырау шалып, кеңес сұрап, психологиялық қолдау ала алады, — дейді В. Друзин.

«Inclusive IT» байқауының әрбір жеңімпазына 1 млн. теңгеге әртүрлі жабдықтар түрінде материалдық-техникалық база сатып алынды және әлеуметтік жобаны іске асыру үшін келісім-шарт негізінде берілді. Сондай-ақ, «ELSTAR ресурстық орталығы» 2018 жылдың 8 желтоқсанында ашылған орталыққа өтеусіз негізде «Неврология және оңалту ғылыми-клиникалық» ғимараты берді. Ал, 2018 жылдың 13 желтоқсанында ашылған «Робототехника бойынша оқыту орталығына» І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті өтеусіз негізде кабинет ұсынды.

Айта кету керек, аталған жобаға алдағы уақытта мемлекеттік ұйымдардан қаржылай қолдау табылып жатса, бұдан әрі жалғасын таппақ.

Талғар-ақпарат