Қаратал ауданының орталық ауруханасында орын алған бала өлімінің себептерін дәрігерлер түсіндіріп өтті

Қаратал ауданының орталық ауруханасында орын алған бала өлімінің себептерін  дәрігерлер түсіндіріп өтті

Қаратал ауданының орталық ауруханасындағы 21 күндік сәбидің  қайғылы жағдайда қайтыс болуынның себептерін, аталған медициналық мекеменің дәрігерлері, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында егжей-тегжейлі мәлімдеді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш орталық өкілдерінің айтуынша, ағымдағы жылдың 23 қазан күні аурухананың қабылдау бөліміне шамамен бір айлық  сәби өте ауыр жағдайға түскен.

» 23 қазан күні  сағат 20:10 минутта аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне 30.09.2018 жылы туылған нәресте гипотермия белгілерімен дене температурасы 34,8 * C түсті. Жүйелі медициналық тексеруден кейін уыттану белгілері, өткір респираторлық жетіспеушілік, орталық жүйке жүйесіне гипокси-уытты зақымдану, ішектің улы палиссымен ауыр жағдайлары да анықталды. Науқастың хәлінің нашарлығына сәйкес, бала реанимация бөлімшесіне жатқызылып, онда  Талдықорған облыстық балалар ауруханасының консультанттарының қатысуымен және «Балалардағы пневмония» клиникалық хаттамасына сәйкес емдеу жұмыстары жүргізілді. Алайда, жүйелі жүргізілген терапиялық емдеуге қарамастан 2 тәуліктен кейін 09:25-те баланың өлімі анықталды. Біз бала жоғалтудың қаншалықты қиын екенін түсінеміз, бірақ дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін істеді «, — дейді бас дәрігердің орынбасары Жаннетта Аязбаева.

Сонымен қатар, тіркелген факті бойынша Қаратал аудандық орталық ауруханасында тиісті тексеру жұмыстарын — Ұлттық  медицина университетінің неонатология кафедрасының профессоры Н. Божбанова және Алматы облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жүргізді.   Жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің қорытындысы бойынша, науқасты емдеу барысындағы ауырухананың жүргізген жұмыстары дұрыс.  Бала  реанимация бөлімшесіне жатқызылған. Емдеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 05.102017 жылғы № 29 «Балалардағы пневмония» клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізілген. Және де,  Патологоанатомиялық тексеру кезінде нәрестенің сол жақ өкпесінен пневмония белгілері анықталған.

Бұдан бөлек, аталған ауруханада науқастары емдеу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Атап айтқанда мамандардық жүйілі түрде біліктілікті арттыру курстарын тәмамдауы, еліміздің ең мықсы ЖОО-ын бітірген дәрігерлердің жұмысқа тартыруы және де мекемеге соңғы технологиядығы апараттардың сатып алынуы мен жаңартылуы. Қаратал аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Біржан Құмаровтың айтуынша, ауруханада науқасты дұрыс әрі сапалы емдеу үшін барлық жағдай жасалған.

«Біздің ауруханада тиісті медициналық көмек көрсету үшін барынша қолайлы жағдай жасалған. Реанимация толығымен жабдықталған, оған қоса биыл қосымша 2 өкпені жасанды тысныстандыру аппараты бөлінді  «,- деді дәрігер.

Айта кету керек, алдағы уақытта ауданда аналар мен балаларға арнайы емдеу циклі ұйымдастыру жоспарлануда.

Талғар-ақпарат