«Ана тілі…жүректің терең сырларын, басынан кешкен дəуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына», – деп Алаштың асыл перзенті Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, Талғар аудандық қорғаныс істері бөлімінде əскери-патриоттық тəрбие жəне қарулы күштер ардагерлерімен жұмыс жөніндегі бөлім бастығының көмекшісі болып еңбек ететін Салтанат Алпысбаева ана тілінің өркен жаюына үлкен үлес қосып жүрген жанның бірі. 1994 жылы Алматы қаласындағы қазақ
педагогикалық университетінің филология бөлімін бітірген тіл-əдебиет маманы Салтанат түрлі білім
ордаларында еңбек етіп, тəжірибе жинаған тіл маманы. 2008 жылы Талғар қаласындағы қорғаныс істері бөліміне аудармашы, сосын мемлекеттік тілді дамытушы болып жұмыс жасаған Салтанат көп нəрсені тын-дырды. Жастарға патриоттық тəрбие беріп мемлекеттік тілдің өркендеуіне өз үлесін қосқан ол ауданда өтетін мəдени шараларға белсене араласып, өзінің білікті, ұлжанды қыз екенін сан мəрте дəлелдеген маман. Осы жақында Талдықорған қаласында өткен Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жылдық қоры-тынды жиынында Талғар қаласы қорғаныс істері бөлімінің маманы – Салтанат Алпысбаева «Мақтау қаға-зымен» марапатталып, жылдық еңбегі «Ең үздік маман» номинациясы бойынша аталып өтілді. Жиында
сөз алған Алматы облысы қорғаныс істері департаментінің бастығы, подполковник Талғат Дəулетханов облыстағы 17 бөлімнің ішінен алғашқы үштіктен көрінген Талдықорған, Талғар, Алакөл аудандары маман-дарының жемісті еңбектерін атап өтті. Өз мамандығының шебері, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің жанашыры Салтанат Алпысбаева осындай маман.
Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».