Қазақ елі – қашаннан жауынгер, намысшыл, ұлтжанды халық. Бүгінде егемен мемлекеттің маңызды нышандарының бірі – төл Қарулы Күштерімізді құра алдық. Егемендіктің алғашқы кезеңінде мемлекет əскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық базасының негізі қаланды. Бұл – өз Отанының нағыз патриоттары қызмет ететін армия, беделді қызмет. Отан қорғаудағы қасиетті борыш – тек қана қанды қырғын, шабуыл-шайқаспен ғана өтелмейді, ол еліміздің күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға болады.
Жуырда Алматы облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде 2017-2018 жылғы «Ұлы дала əскері
– Мəңгілік ел тірегі» атты ұранмен өткен жауынгерлік сайыстың қорытындысы шыққан болатын. Облыс орталығы Талдықорған қаласында облыстық департаменттің бастығы, подполковник Т.Дəулетханов алқалы жиын өткізіп, қорғаныс саласының үздіктерін марапаттаған болатын. Сол басқосуда жыл қорытындысы бойынша облысымыздағы 17 бөлімнің арасынан үздік шығып, жүлделі екінші орынды Талғар қаласындағы Біріккен Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі иеленіп, бөлім бастығы Айдар Болатұлы марапатталды. Дəл осы жиында ауданымыздың қоғаныс саласының үш қызметкері «Ең үздік маман» атанып, абыройлары асқақ-тады. Атап айтқанда, аталмыш бөлімнің əскерипатриоттық тəрбие мен ардагерлермен жұмыс жөніндегі
бөлім бастығының көмекшісі Салтанат Алпысбаева, Жеке жəне заңды тұлғалардың техникаларын тағайындау
жəне есепке алу бойынша инспекторы Гүлнара Бахаева, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша
бөлім бастығының көмекшісі Любовь Балжиктердің еңбектері басшылықтың жоғары бағасын алып, үздік
мамандар қатарынан көрінді. Бұл тек бір ғана қорғаныс саласының жетістігі емес, ауданымыздың абыройы, аудан жұртшылығының жетістігі. Барлық марапат иелеріне ел тыныштығын күзеткен тынымсыз еңбектері жемісті болсын дейміз!
Перизат АУҒАНБАЙҚЫЗЫ,
«Талғар».