Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде танытқан Тәуелсіздік күнін талғарлықтар да жоғары деңгейде атап өтті.
Тұздыбастау ауылдық Мəдениет үйіне жиылған қауым алдымен ауданымыздың қолөнер шеберлері мен мек-теп оқушылары дайындаған көрмені тамашалады. Содан кейін мерекелік салтанатқа кезек берілді. Айбынды Əнұранымызбен ашылған салтанатты шарада алғашқы құттықтау сөзді аудан əкімі Рыскелді Сатбаев алып,
еліміздің тəуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін тілге тиек етіп, жүрекжарды жылы лебізін білдірді. Ауданымыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарды «Астананың 20 жылды-ғы» медалімен марапаттап, бірқатарына аудан əкімінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттарын» табыс етті. Аудандық мəслихат хатшысы Жұмахан Еңкебайұлымен бірге ауданның «Құрметті азаматы» атағына лайықты деп танылған ел ағалары мен əйелдер қауымына марапаттарын ұсынып, жеті жүздей жетім баланы қанатының астына алып, тəрбиелеп жеткізген кең жүректі ана Тұяқ Есхожина мен ардақты əке Əнуарбек Байғожиннің отбасына Білім жəне Ғылым министрі Е.Сағадиевтің «Алғыс хатын» тапсырды. Бүгінгі шаңыра-ғы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптасуымыз Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған
жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасы. Жиында сөз алған аудандық Желтоқсан оқиғасына қатысушылар төрағасы Ондаш Есіркепов пен жігерлі жас, экономикалық колледждің студенті Нұрбол
Қазыкенов те ақжарма тілектерін арнады. Мерекелік салтанатты ауданымыздың мəдениет саласының мамандары əсем əн, күмбірлі күй, толқынды билерімен əрледі. Бəрінен де мерекелік салтанатқа арнайы
келген қазақ эстрадасының жұлдыздары əнші Мирас пен Құралайдың тамылжыта салған əндері көптің көңілін көктем етіп, зор əсер сыйлады.
Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар».