ӨТКЕНІ – ТАРИХ, БҮГІНІ – КЕМЕЛ, КЕЛЕШЕГІ – ЖАРҚЫН

ӨТКЕНІ – ТАРИХ, БҮГІНІ – КЕМЕЛ, КЕЛЕШЕГІ – ЖАРҚЫН

Елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтерген тарихы терең, тағылымды білім ордасы М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес жəне менеджмент колледжі 100 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Мерейлі мерейтойға облыстық білім басқармасының басшылары мен ауданымыздың басшылары, жоғарғы оқу орындары мен колледж директорлары, техникалық жəне кəсіптік білім беру саласының ардагерлері, əлеуметтік серіктестер мен колледж түлектері көптеп жиналды. Салтанатты шара колледж қабырғасында М.Бейсебаев бюстінің ашылуынан басталды. Əсем безендірілген М.Бейсебаев атындағы кабинетке көпшілікті
колледж директоры Жақсылық Қасабекұлы бастап жүрді. Алдымен оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныс-қан қонақтар қоғам қайраткері, колледжді басқарған білікті басшы Мəсімхан Бейсебаевқа арналып, жасақ-талған кабинеттің төрінен орын алған бюстті салтанатты түрде ашып, қоғам қайраткері туралы өрелі ойлары-мен бөлісті. Содан кейін колледждің Мəдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік кешке жиналды.

Сахна пердесі колледж студенті Еркежан Қабдрашева мен Бейнұр Баймұханбетов жазған колледж əнұраны-мен ашылды. Алғашқы құттықтау сөзді аудан əкімі Рыскелді Сатбаев алып, ғасыр жасаған колледждің өткені мен бүгіні туралы сөз қозғап, жас маман тəрбиесіне зор үлес қосып жүрген бірқатар колледж ұстаздарын
«Алғыс хаттарымен» марапаттаса, аудандық мəслихат хатшысы Жұмахан Еңкебайұлы да ақжарма тілегін арнап, колледж директоры Жақсылық Сатылғановқа Талғар ауданының «Құрметті азаматы» атағын табыс етті. Одан кейінгі кезекте облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Салтанат
Досматова мен облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова өз құттықтауларын арнап, бірқатар ұстаздарға түрлі деңгейдегі марапаттарын табыстады. Мерекелік салтанатта аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамгүл Ермағанбетова, ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Босқымбаев, ҚР Еңбек сіңірген дəрігері Мұхтар Əлімұлы, Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Жұма-ғали Кебекбаев, Талғар қаласының əкімі Жандос Əуелбаев, аудандық кəсіподақ ұйымының төрағасы Жарыл-қасын Шакиевтер мен облыстық техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының басшылары атынан директорлар кеңесінің төрағасы Жақсыбай Қасымбек сөз сөйлеп, жүрекжарды жылы лебіздерін білдіріп, сый
сияпаттарын табыс етті. Салтанатты шараны ауданымыздың өнер майталмандары, «Ретро» тобының əнші-лері Мырзабек Парманов, Ғайса Рамазанов, Кеңес Баймұхановтар рухты əнімен əрлесе, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрының өнерпаздары 100 жылдық тарихқа арналған көріністерін тарту етті. Колледж оқытушысы Динара Тоқаева əуезді əнімен көптің көңілін жауласа, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік
филормониясының дəстүрлі əншісі Біржан Бəзілжанов қос ішекті домбырасымен халық əндерін қалықтата шырқады. Игілікті шараны колледж директоры Жақсылық Сатылғанов қорытындылады. Көтеріңкі көңілде өткен игі шара колледж студенті Азат Алтыбасар мен колледж оқытушылары Жəнібек Бекбау жəне Динара Тоқаевалардың рухты өрлетер əсем əндерімен аяқталды. Барлық қонақтарға колледж ұжымы кең дастархан жайып, құрмет көрсетіп, мерейтойға арналып шығарылған кітаптары мен колледж тарихынан сыр шертетін
журнал, естелік сыйлықтарын тарту етті.

Перизат АУҒАНБАЙҚЫЗЫ,
«Талғар».