БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА

БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Осы аптада аудан əкімшілігінің кіші залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Келелі кеңесті
аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қалимолда Байболов ашып, күн тəртібінде қаралатын мəселелерге бай-ланысты жауапты сала мамандарына кезек-кезегімен сөз тізгінін ұстатып отырды. Қоғамдық кеңес отыры-сына аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Ермағанбетова, аудандық мəсли-хат хатшысы Ж.Еңкебайұлы, аудандық кəсіпкерлік бөлімінің бас мамандары, ауыл əкімдері мен түрлі сала жетекшілері қатысып отырды.

Ең алғаш мінберге көтеріліп, Нұра ауылдық округінде 2018 жылы атқарған жұмыстары жайлы баяндама жасаған ауыл əкімі Сейітқұл Донбаев округ бюджетінің орындалуы, инфрақұрылымды жақсартуға
бөлінген қаражат пен əлеуметтік қорғау, кəсіпкерлік саласы мен күнкөрісі төмен отбасыларға мемлекет тара-пынан бөлінген қаражатты тиімді жұмсалуы жайлы егжейтегжейлі баяндап берді. Екінші мəселе бойынша сөз алған аудандық «Талғар суы» мекемесінің басшысы Айдын Дүйсенов мекемедегі 32-техниканың 50 пайы-зы ескіріп, жарамсыз күйге түскенін, суға төленетін тарифтердің қайта қаралатын тұстары көп екенін айтып, қоғамдық кеңес мүшелерінің талқысына салды. Үшінші мəселе бойынша баяндама жасаған аудандық электр жүйесі мекемесінің басшысы Болат Мұқашев электр энергиясының өзіндік құнын төмендету, тасымалдау, электр жүйелерін күрделі жөндеу барысындағы қиыншылықтар мен тұрғындарға көрсетілетін қызмет түрлері бойынша тарифтер жəне кейбір жерлердегі əлі күнге иесіз электр желілерге аудандық электр жүйесі мекемесінің қарауына алу кезіндегі кездесетін оралымсыз жайттар туралы саралап айтып берді. Өз кезегінде сөз алған аудандық кəсіпкерлік бөлімінің басшысы Еркін Алдатаев аудан көлеміндегі күнделікті пайдалана-тын азықтүлік бағасы мен жанар-жағар май, көмір бағаларының ұдайы бақылауда екенін, бағаны тұрақты ұстап тұру үшін арнайы мамандардан құрылған тексеру комиссиясы құрылғанын баян етті. Осы қоғамдық
кеңес отырысында Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау комиссиясының мүшесі Абсали Исмайлов жыл көлемінде атқарылған жұмыстар барысына шолу жасады. Қоғамдық кеңес отырысын қорытындылаған мəжіліс төрағасы Қ.Байболов аудан, ауыл əкімдері мен түрлі сала басшыларына аудандағы ашылған 65 əлеу-меттік азық-түлік дүкендерінің мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен отбасылары мен зейнеткерлерге беріл-ген тізім бойынша нарықтан төмен бағамен сатуын жіті назарда ұстауларын қатаң тапсырды.

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».