Ұйғыр ауданында «Нұр-Сара» балабақшасының лентасы қиылды. Замауи үлгіде жабдықталған балабақша Тұңғыш Президент күніне орай ашылып отыр, деп хабарлайды ТалғарАқпарат облыстық коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ашылған балабақша 25 орынға лайықталған. Қазіргі уақытта 2,5-5 жас аралығында бүлдіршіндер білікті мамандардан білім алады.
Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Д. Модинұлы аудан тұрғындарын қуанышты күндерімен құттықтады.
-Бала тәрбиесі ол үлкен және жауапты жұмыс. Қазір тәрбие мәселесіне ерекше назар аударуда, бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бала тәрбиесінде, оларды үлкен өмірге дайындауда балабақшаның рөлі зор. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, 3-6 жас аралығында бүлдіршіндерді 2020 жылға дейін мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілуі тиіс болатын. Бұл өзекті мәселе біздің өңірімізде мерзімінен бұрын шешілуде. Бүгін жаңа балабақша ғимаратының ашылуына куә болып отырмыз. Қуаныштарыңыз құтты болсын! – деді аудан әкімінің орынбасары Д. Модинұлы.
Айта кетейік, жалпы Ұйғыр ауданында 36 жекеменшік балабақша және 4 мектепке дейінгі мемлекеттік мекемесі мен 18 шағын орталық жұмыс істеуде.
Талғар-ақпарат