Талдықорғанда жас әдебиетшілер клубы ашылды

Талдықорғанда жас әдебиетшілер клубы ашылды

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жанынан әдебиет сүйгіштердің басын қосатын «Мизам» әдеби клубы ашылды. Енді, жас қаламгер қазақтың ұлы ақын, жазушыларының шығармашылығын жаңаша қырынан насихаттауға кіріспек, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Жоба мақсаты – жас  таланттарды қанаттандыру, олырдың өз шаңына ғана тұншықпай әдеби ортағы қоса отырып қаламын одан әрі ұштай тұсу болып табылады. «Жас Алаш» газетінің тілшісі, «Мизам» клубының негізін қалаушысы Қозыбай Құрманның айтуынша «мизам» сөзінің терең мағынасы бар.

«Бұл бастама әдеиет, поезия әлемін жаңа қырынан көрсеті, дамыту және насихаттау аясында жасалды. Әдеби одақтың да аты бірден таңдалып қойылған жоқ. «Мизам» сөзінің бір неше мағынасы бар. Ал, бізде мизам – көктемде жаңадан туылған жұлдыз», — дейді ол.

Аталмыш клуб, мүшесіне университет студеттері, қызметі бар азаматтар тіпті мектеп оқушылары да қаылданады. Тек бір талап, ол әдебиетке деген жанашырлық.

Айта кету керек, алдағы уақытта мизам қабырғасында көп деген кездесулермен шығармашылық кештер өткізу жоспарланған. «Мизам» есігі бәріне ашық.

Талғар-ақпарат