Алматы облысында АИТВ жұқпасының таралу денгейі орташа

Алматы облысында АИТВ жұқпасының таралу денгейі орташа

Аймақтағы жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромының ахуалы жөнінде, облыстык коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз жиыны барысында ЖИТС орталығының өкілдері баяндады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан  облыста ЖИТС жұқпасымен 300-ге жуық адам тіркелген. Бұл ауырудың ауыздықталмай тұруының басты себебі, халықтың АИТВ тексерісінен өтуді «ұят» деп санауы болып отыр. Мамандардың айтуынша,  осы мәселенің шешілуінің бір көзі, 2019 жылдан бастап Қазақстанның барлық дәріханаларында сатылымға шығатын – экспресс тест.  Енді, АИТВ мәртебесін үйден шықпай-ақ анықтауға болады.

«Экпресс тесті – Ұлыбритания елінде зерттеліп, әзірленді. Ол арнайы емдеу орталықтарына бармай-ақ, үй жағдайында ауырудың барын немесе жоқтығын білуге жол ашады. Ерекше айта кететінім, аталмыш тест ауылдық-аумақтардағы тұрғындарға аса қажетті құрал. Өйткені, ірі орталықтарда ғана орналасқан клиникаға жету қиындыққа түседі», — деді облыстық ЖИТС орталығы директрының орынбасары Гаухар Уранкаева.

Жиында, спикерлер облыста 2018 жылдық жұқпаның таралу көрсеткішін қорытындылап, сондай-ақ, облыста ЖИТС-тың ең көп жығу жолдарының 80-70% — ын жыныстық қатынас арқылы, 18-20 %- ын қан арқылы ал, анадан балаға берілу көрсеткіші 16 %- ды құрағандығын атап өтті.

«Ағымдағы жылдың 10 айлық нәтижесінде, АИТВ жұқпасымен 270-тен астам адам тіркелді. 2017 жылы бұл көрсеткіш 300 адамды құраған. «Денсаулық» бағдарламасында бекітілгендей  жұқпаның таралуын 0,2–0,6 % деңгейінде ұстап тұру керек. Біздің облыста, осы тапсырма аясында жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Яғни,  барлық мектеп, колледж, ЖОО-ы мен басқа да мекемелерде түсіндіру жұмыстары, семинарлар, дөңгелек столдар мен флешмобтар өтуде», — дейді жоғарыда аталған орталықтың эпидемиолог дәрігері, Рая Ақашева.

Бүгінгі таңда, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында «өз мәртебеңді біл» ұранымен әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Айта кету керек, вирустық жұқпаның әлем бойынша таралу  статистикасына сәйкес Қазақстан осы 100-ші орынға тұрақтаған.

Талғар-ақпарат