ЕЛАМАНДА ӨТКЕН ЖЕКПЕ-ЖЕК САЙЫСЫ

ЕЛАМАНДА ӨТКЕН ЖЕКПЕ-ЖЕК САЙЫСЫ

Жуырда Еламан ауылындағы №41 орта мектептің спорт кешенінде ұлттық спорттың жекпе-жек түрінен «DAR TEAM» спорт клубы филиалының Талғар ауданы бойынша федерациясының Президенті, «Қазақстан-ның спорт шебері» Марғұлан Рахатұлы Жандаулетовтың ұйытқы болуымен республикалық турнир болып өтті. Жарысқа Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Қапшағай, Талғар, Жамбыл облысының Қордай
ауданы мен Алматы облысының түрлі спорт клубтарының ең мықты спортшылары жиналды.

Екі күн бойы республиканың əр түкпірінен келген 259 спортшы татами үстінде күш сынасты. Бұл жарыстың биік деңгейде өтуіне №41 орта мектептің директоры Жанаргүл Күнсақалова бастаған ұстаздар мен ауыл жұртшылығы түгел жұмылғаны жарыс барысында байқалып тұрды. Жарыс кезінде спортшылардың жақсы дайындалуына жағдай жасап, үш мезгіл тегін тамақ, жатын орнын шешіп қойған Еламан мұғалімдеріне жат-тықтырушылар мен олардың шəкірттері де риза екен. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған ауыл имамы Сейітбаттал Серғазы, Талғар аудандық білім бөлімінің бас маманы Серік Еспаев, №41 мектеп директоры Жа-наргүл Күнсақалова жəне жарыстың бас төрешісі Қайрат Мұқанбековтер жекпежек шеберлеріне боз кілем үстінде жеңіске жетулеріне тілектестіктерін білдіріп, сəттілік тіледі.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысында командалық есепте бас жүлдені «DAR TEAM» спорт клубының
спортшылары жеңіп алды. Екінші орынға Алматы қаласының «Ягуар» спорт клубының балалары шықса, үздік үштікті Қарағанды қаласынан келген жекпе-жек шеберлері қорытындылады. Осы жарыста тамаша ойын өрнегін көрсеткен №41 орта мектептің оқушылары: Жұмабек Алат (14-15 жас), Айтқұрман Ерасыл (12-13 жас), Өмірхан Əділ (8-9 жас), Баян Түргенбаева (16-17 жас), Теңел Асхат (14- 15 жас) сынды жас талап-керлер бас бəйгені жеңіп алып, республикалық турнирдің жеңімпаздары атанды. Бұлардың бəрі жас бапкер Марғұлан Жандаулетовтің шəкірттері екенін айта кеткен жөн. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Кубок пен «Мақтау қағаздары» табыс етілді.

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».