Ағымдағы жылдың 7-ші желтоқсанында, Талдықорған қаласында жаңа форматтағы еріктілер слеті өтеді. Оған облыстың түкпір-түкпірінен 250-ге жуық волонтер қатасады деп күтілуде, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
«Дос.kz» әлеуметтік-еріктілер қоғамдық бірлестігі, Қазақстан ұлттық еріктілер желісі серіктестігімен, ҚР Азаматтық қоғамдық әлеуметтік дамыту министрлігі, АҚ комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Еріктілер қызметінің рөлі мен дамуына бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру» жұмыстары ұйымдастырылған.
Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер үшін, оқыту семинарларын өткізу арқылы, Қазақстандағы еріктілер қызметімен рөлін дамыту болып табылады.
Сондай-ақ, жоба шеңберінде сарапшылар 5 аймақта «еріктілер инфрақұрылымының дамуы» жөнінде сауалнама жүргізіп, семинар, тренингтер өткізген. Яғни, Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласы. «Дос.kz» әлеуметтік – еріктілер орталығының директоры Лариса Котелникованың айтуынша, Қазақстан бойынша дәл осы аймақтарда волонтерлікке қызығушылар көп.
« Осындай ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін, біз Қазақстанда волонтерлікке қызығушылық көп аймақтарды таңдап алдық. Әрине Алматы облысы бұл арада көш басында. Сол себепті де, желтоқсан айынның 7 күні Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен слет өткізбекшіміз. Ол мүлдем өзгеше, жаңа форматта өтеді, және де осы сала майталмандары болып есептелетін 10 спикерлерді шақырып отырмыз»,- дейді ол.
Аталмыш жоспарланған шараға, Ұлттық волонтерлік желісінің атқарушы директоры Т.Миронюк, «СИРИУС» желісінің тренері Д.Аккожа, «Қызылорда еріктілері» директоры О.Чебакова және тағы да басқа қонақтар арнайы шақырылған.
Айта кету керек, слетке облыста жария етілген еріктілер байқауының нәтижесі анықталып, «үздік еріктілер», «үздік волонтерлік топ» және «үздік волонтерлік жоба» номинациялары табыс етілетін болады.
Талғар-ақпарат