Алматы облысында мигранттарға құқықтық қолдау көрсету жұмыстары белсенді жүргізілуде

Алматы облысында мигранттарға құқықтық қолдау көрсету жұмыстары белсенді жүргізілуде

Алматы облысында «Талдықорған аймақтық әйелдер қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің қолдаумен осал мигранттарды өңірлік және жаһандық қауіп-қатерлер тұрғысынан қорғау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Науқанның осы облыста ауқымды өткізілуі, Қазақстанда статистикалық мәліметтерге сәйкес, шетелдік мигранттарды барынша тартатын 5 өңірге кіруі болып отыр, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш шара, Халықаралық көші-қон ұйымы және Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен жасалған.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастау алған түсіндіру жұмыстарына — ХКҰ, көші-қон қызметкерлері, Алматы облысының ІІД ұйымдасқан қылмыстық бөлімінің қызметкерлері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Өзбек этномәдени бірлестігі және БАҚ өкілдері тартылған.

Халықаралық көші-қон ұйымының ұлттық үйлестірушісі Светлана Жасымбекованың айтуынша  Орталық Азияға миграттардың келу деңгейі күннен күнге өсуде.

«Қазақстан – жұмыс  күші басым, табыс деңгейі жоғары ел. Сондықтан да тұрғындар көбіне үй жұмысшыларына, күтушілерге және тұрмыстық мәселелер бойынша басқа да көмекшілерге мұқтаж. Және бұл сұранысқа Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан миграттары жауп береді. Осыған байланысты, біздің халықаралық көші — қон ұйымының міндеті оларды қорғау, құқықтық сауаттылығын арттыру», — деді ол.

Сонымен қатар, мигранттардың арасында әйелдер қауіп-қатерге көп тап болады. Өйткені, олардың өзі-өзі қорғау мүмкіншілігі төмен . «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ президенті Жанар Нұрмұханованың пікірінше, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының арқасында Алматы облысындағы мигранттар арасында құқықтық сауаттылық деңгейі артты.

«Біздің мамандар әйелдерге құқықтық, әлеуметтік қолдау көрсету бойынша белсенді жұмыс жасауда. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін түсіндіруге , тұрақты түрде тренингтер мен семинарлар өтіп жатыр. Және де біз өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге психологиялық және заңгерлік көмек көрсетудеміз», — дейді спикер.

Айта кету керек, мұндай ақпараттық түсіндіру жұмыстары шетелден келген миграттардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың өз-өзіне деген сенімділігін көтереді.

Талғар-ақпарат