Алматы облысы цифрлық эфирлік хабар таратуға толықтай көшеді

Алматы облысы цифрлық эфирлік хабар таратуға толықтай көшеді

2019 жылдың екінші жартысынан бастап Алматы облысының барлық аудандарында аналогтық телевизия өшіріліп,  цифрлық эфирлік хабар тарату жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстардың мақсаты халыққа сапалы және көп арналы хабарды жеткізу болып табылады.

Қазақстан Республикасының цифрлық эфирлік хабар тарату желісін жоспарлау және жобалау жұмыстары олардың барлық қағидаларын ескере отырып жасалуда яғни, радиотелевизиялық станцияның орнатылу орнын оңтайландыру, электрмен қоректендіру желісінің болуы, топографиялық жер бедері, РТС қуатын оңтайландыру нақты өңірде жинақы тұратын халықты барынша қамту.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың  22 қазанында еліміздің бірқатар облыстарында ЦЭХТ енгізудің бірінші кезеңі басталып кеткен. Осыған орай бірінші өшіру жұмыстары Маңғыстау облысында сәтті аяқталып жыл соңына дейін Жамбыл, Түркістан, Шымкент облыстарында жоспарланған.

«Қазтелерадио» АҚ филиалы Алматы Облыстық РадиоТелехабар Тарату Дирекциясының директоры Қайсар Раздықовтың айтуынша цифрлық телевизияда бүгінгі таңда 10 арна болса, болашақта оның саны 30 дейін жетеді дейді.

«Сандық хабар таратуға көшу бойынша бізде белгілі бір уақыт аралығында өшіру кестесі жасалған. Алматы облысында бұл процесс 2019 жылдың ортасында басталады. Алайда, аймақ тұрғындарынан өшіру жұмыстарын күтпей, осындай хабар таратуға көше берулерін сұраймыз.   Атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғаларға келетін болсақ, тегін қосу туралы өтініш жыл басынан 10 620 отбасы тіркелген. Оның 4 867-і бұл қызмет түрін алса, 3689-і қызметтен бас тартты. 2019 жылдың наурыз айынан бастап қалған 2064 тұрғындарына қосылады және сапалы арна саны 30-дан асатын болады», — деді ол.

Айта кету керек, заманауи цифрлық хабар тарататын құрал құны 5000 теңгеден 3500 теңгеге дейін арызандаған.

Талғар-ақпарат