І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ағымдығы жылдың 8-9 қараша аралығында «Болашақтың университеті: цифрландыру және академиялық дәстүрлер» форумы өткізілмек, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Форум мақсаты Еуропалық Одақ пен Орталық Азия мемлекеттерінің жоғары оқу орындарының дамуындағы озық тәжірибелерді тарату, білім беру үрдісін сандық жүйеге көшіру бойынша тәжірибе алмасу. Халықаралық байланысты нығайту, бірлескен білім бағдарламаларын құру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Оған Эстония, Таллин университетінің ректоры Тиит Ланд, Паллас қолданбалы ғылымдар университетінің ректоры Валерий Нуст, Латвия мемлекетінің Даугавпилс университетінің ректоры Ирэна Кокина және тағы да басқа жоғары оқу орындарының ректорларымен халықаралық университетінің проректоры арнайы шақыртылған.
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың инновациялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Пеэтер Ярвелайдтың айтуынша бұл іс-шара Қазақстан университетері үшін өркендеудің жаңа сатысына аяқ басу дейді.
«Өткізілгелі отырған халықаралық ректорлар форумы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жасаған соңғы жолдауы аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл форум қазақстандағы барлық ЖОО-на беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Себебі, онда білім беру жүйесі жоғарғы деңгейде дамыған университет мамандары қатысып, тиімді тәжірибелерімен бөлісетін болады. Мен де дәл осындай мақсатта жарты жыл бұрын Эстония мемелекетінен Талдықорғанға келдім. Бүгінде, бұл оқу орынының маған бергенімен алғаны тең дегім келеді», — деді ол.
Сонымен қатар, жиында Еуропалық университеттердің сандық жүйеге көшуімен интернационалануы, ғылым саласындағы жаппай байланыс жүйелерінің жаңа реформалары және халықаралық ынтымақтастықты дамытудың жаңа жолдары талқыланып, баяндамалар оқылады.
Айта кету керек, екі күнге жалғасатын шара соңында І.Жансүгіров атындағы ЖМУ мен келген 9 университет арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойю жоспарланып отыр.
Талғар-ақпарат