Алматы облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізілуде

Алматы облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізілуде

 Аталған қызмет саласының сапасын арттыру үшін, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңірде 127 іс-шара өткізілген. Осы үрдісті жалғастыру мақсатында «Үздік жасырын сатып алушы» байқауы жарияланды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті, Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Жеңіс Андабеков мәлімдеді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап. 

Жетісу жеріндегі мемлекеттік органдардың атқаратын қызметін бақылау мақсатында, жергілікті Департамент қоғам белсенділеріне арнап, байқау жариялады. Спикердің айтуынша,  байқау тұрмыстық сыбайлас жемқорлық фактілерін, қызмет берушілермен әдеп кодексі талаптарын бұзу фактілерін анықтауды көздеп отыр.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатыныңөсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында – мемлекеттік көрсетілетін қызметердің ашықтығы мен халықтың ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз өту керектігін тапсырған болатын. Департаментпен мемлекеттік қызметтерді көрсетуде заңдылықтың сақталуын қатаң қадағалау, тұрғындардың көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша мемлекеттік органдар жұмысын бағалау мен алған қызметтерімен қанағаттануы деңгейін арттыру бойынша қоғамдық ұйымдармен бірлесіп белсенді жұмыстар атқарылуда. Аталған мақсатта қоғам белсенділерінің қатысуымен «ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті» және «Ізгілікті істер» қоғамдық қорының бірігуімен «Үздік жасырын сатып алушы» байқауы жарияланып отыр. Байқаудың мақсаты – көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында әкімшілік кедергілерді, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық фактілерін, қызмет берушілермен әдеп кодексі талаптарын бұзу, қызмет алушыларға қолайлы жағдайлардың жасалмау фактілерін анықтау болып табылады» -, деді ол.

Айта кету керек, байқауға қатысу үшін, ағымдағы  жылдың 8 қазаны мен 8 қарашасы аралығында материалдар қабылданады. Байқау жеңімпаздары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті және «Ізгілікті істер» қоғамдық қорының дипломдары және естелік сыйлықтарымен марапатталады.

Сондай-ақ, коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиын барысында, Департамент өкілдері, жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты өткізілген іс-шаралар нәтижесінде тоқталды.

Мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысының айтуы бойынша, осы тексеруде 131 заң бұзушылық фактілері анықталып, оның 33 % яғни 43 факт білім саласына қатысты болса, 9,1% яғни 12 заң бұзушылық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметіне қатысты. Нәтижесінде 50 қызметкер түрлі деңгейдегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

        Талғар-ақпарат